Блог статистикасы
196
Blog
2537
Апелляциялық
106491
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 9 Сентября 2017

Архимед Мұхамбетов Арқалық қаласына және Амангелды ауданына жұмыс сапарымен барды

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Арқалық қаласы мен Аманкелді ауданына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Өңір басшысы «Әулиекөл-Жалдама» тасжолы жөндеу жұмыстары барысымен танысты. Жол жөндеуге бюджеттен 1 млрд теңге бөлінген болатын. Қазіргі кезде жолдың жиегі мен бұжырлы бөліктерін тегістеу жұмыстары қалды. Мұнан соң Архимед Мұхамбетов Аманкелді ауданына қарасты Амантоғай ауылындағы су құбыры жағдайын бақылады. Құбыр жүргізу үшін 500 млн теңге бөлінген. Су тазартқыш нысаны жылына 143,16 мың куб суды електен өткізеді. Құбыр желісінің ұзындығы - 21,7 шақырым. Облыс әкімі Арқалықтағы «Возраждения» ЖШС егіс алқабында болды. Биыл жергілікті шаруалар 278 мың 400 гектар жерге дән септі. Оның 5 мың 100 гектары майлы дақылдар. Бүгінде екі өңірде де егін орағы аяқталуға жақын. Атап айтқанда, 214 мың гектардың егіні орылып, 95 мың 900 тонна астық бастырылды. Егіннің орташа түсімі гектарына 4,5 центнерден айналуда. Орақ науқанына 225 ауылшаруашылық өнім өндірушілері, оның ішінде 25 ЖШС, 200 жеке шаруа қожалықтары қатысқан.

«Агроинтерптица» құс шаруашылығының да жақсы жаңалықтары бар. Жақында тағы бір инвестициялық жоба іске қосылды. Құс фабрикасында 240 адам еңбек етеді. Шаруашылықтың 15 қорасында 675 мың бас құс өсірілуде. Өткен жылы кәсіпорын 101 млн жұмыртқа өндіріп, үкімет тарапынан 267 млн теңге субсидия алды. Биылғы жылдың жоспарында 133 млн өнім шығару міндеті тұр. Көзделген субсидия көлемі - 300 млн теңге. Жаңа оқу жылы басталғанымен Арқалық политехникалық колледжі ғимаратындағы құрылыс жұмыстары аяқтала қоймаған. Облыс басшысы оқу корпусын аралап, жіті танысып шықты. Архимед Мұхамбетов бас мердігер «Еңбек» ЖШС басшысына жұмысты жеделдетуді тапсырды. Бүгінде Арқалық жылу электр компаниясының отын сақтау орындарында 1 мың 448 тонна мазут бар. Қаланы қыс бойы толық жылумен қамтамасыз ету үшін 23 мың тонна мазут қажет. Жергілікті әкімдікке жылу қазандықтарын тағы бір қарап, маусымға дайындықты пысықтау тапсырылды.

хат жіберу