Блог статистикасы
195
Жазбалар
4607
Өтініштер
179119
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 18 Июня 2019

Құқық бұзушылықтың алдын алу айрықша бақылауда

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.

Отырыста Қазақстан Республикасы ІІМ 2019-2020 жылдарға арналған ұрлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бағдарламасымен белгіленген іс-шаралардың орындалу барысы қаралды.

Осы мәселе бойынша Қостанай облысы бойынша Полиция департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетов сөз сөйледі.

Ол бөтен мүлікті ұрлауға қарсы әрекетету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, статистиканы және мысалдарды келтірді.

Облыс аумағында тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпысанынан бөтен мүлікті ұрлау көрсеткіші 3 415. Олар облыста тіркелетін барлық қылмыстардың жартысынан астамын құрайды.

Полиция департаментінің бастығы атап өткендей, жалпы облыс бойынша ұрлықтың ашылуы жақсарды және тұрақты болып қала береді.

Соңғы 5 жылда, атап айтқанда 2014 жылдан бастап 2018 жылға дейін облыс аумағында бөтен мүлік ұрлығының 15,9 мыңнан 9,5 мыңға дейін төмендеуінің оң үрдісі байқалады.

Бекет Аймағамбетов мал ұрлығын алдын алуға тоқталды.

«Мал ұрлығының алдын алу және ашу үшін шаруа қожалықтарының басшыларымен және жеке тұлғалармен малдарды міндетті биркалау және таңбалау, сондай-ақ оның басын есепке алудың инновациялық әдістерін енгізу және «GPS» жүйесін пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп атап өтті Бекет Аймағамбетов.

Сондай-ақ облыста барлық жерде бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары жүргізілуде.

Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қалалар мен аудандардың әкімдеріне халықпен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыс жүргізуді, сондай-ақ бейнебақылау камераларын орнату бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.

хат жіберу