Блог статистикасы
195
Жазбалар
3269
Өтініштер
143225
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 25 Мая 2018

Архимед Мұхамбетов Үкімет басшысына өңірдің басты проблемаларын атады

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қостанай облысы активімен кездесті.

Бақытжан Сағынтаевтың облыс активімен, ірі және шағын бизнес өкілдерімен кездесуі Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы ніске асыруға арналды. Күн тәртібінде облыс әкімінің экономикалық өсімнің жаңа моделін қалыптастыру бойынша атқарған жұмыстары, экономиканың жаңа секторларының дамуы,еңбек ресурстарын басқару, кадр дайындау және қайта даярлау, бәсекеке қабілетті бизнесті қалыптастыру мәселелері қаралды.

Алдымен, облысәкімі Архимед Мұхамбетовтіңесебітыңдалды. «2017 жылдыңкөрсеткішібойыншажалпыөңірлікөнімкөлемі 104,9% тең. Барлығыәлеуетті 40 жобаға инвестиция тартылды. Оның 22-сі индустрия саласына тиесілі. Негізі 2018 жылдың 4 айы бойынша негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің өсуі байқалды. Әсіресе, құрылыс жұмыстарымен бөлшек сауда саласының пайызды қүлесіжоғары», - деді А.Мұхамбетов. Сондай-ақ, облыс басшысы өңірде шешімін таппай тұрған бірнеше мәселегетоқталды. «Қазіргі уақытта облыста төрт мәселе шешілмей тұр. Әуелі, Арқалық қаласына мазут отынын сатып алу үшін республикалық бюджеттен 1 млрд теңге бөлінуін сұраймыз. Рудный цемент зауытына республикалық бюджеттен 547 млн теңге қажет. Сонымен қатар Әуежай, Юбилейный аудандары мен 4 ауылдағы мектептердің құрылысын аяқтау жұмыстары да қаржығатіреліп отыр. Осы мәселелер шешілсе, бірнеше тұрақты жұмыс орны ашылуы тиіс», - деді А.Мұхамбетов. Бақытжан Сағынтаев облыс әкімінің сауалын Үкімет жиынында қарауға уәде өтті.




хат жіберу