Блог статистикасы
196
Blog
2514
Апелляциялық
103157
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 25 Июля 2017

Тергеу кабинеттерінің таныстырылымы

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай қ. ІІБ тергеу кабинеттерінің таныстырылымына қатысты.
Аталған кабинеттердің ресми ашылуына облыс прокуроры, облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері, облыстың және Қостанай қаласы прокуратурасының қызметкерлері қатысты.
 Таныстырылым барысында өңір басшысы мұндай тергеу кабинеттерінің облыстың әрбір ауданында ашылуы қажеттігі туралы айтты.
 Тергеу кабинеттерінің Бас Прокуратураның «Қылмыстық процесін азаматтардың мүдделері үшін оңтайландыру» жобасын іске асыру шеңберінде құрылғандығын атап өткен жөн.
Тергеу кабинеттерінде тәулік бойына тергеу әрекеттері жүргізілетін болады, бұл адамдардың жауап алу және басқа да тергеу әрекеттері процесінің өнбойын еш бөгетсіз қадағалауларына мүмкіндік береді. Кабинеттер ғимараттың бірінші қабатында орналасқан, бұл еркін қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
 Мұның сыртында, Қостанай қ. ІІБ тергеушілері мен анықтаушыларының барлық кабинеттері HD форматты бейнебақылау камераларымен жабдықталған, олардан жазба онлайн-режімінде ғимараттың фойесінде орналасқан мониторда көрсетіледі.

хат жіберу