Блог статистикасы
196
Blog
2518
Апелляциялық
103477
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 20 Сентября 2017

«Kostanay Invest 2017» инвестициялық форумының БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

2017 жылғы 20-21 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қостанай облысының Қостанай қ. «Kostanay Invest 2017» инвестициялық форумы өтеді.

«Kostanay Invest 2017» - бизнес пен биліктің ашық диалогы, экономиканың төрт: ауылшаруашылығы, тау-кен металлургиялық, машина құрылысы және туристік саласы бойынша Қостанай облысына инвестициялау мүмкіндіктерін қарау үшін бірегей алаң. Форум кәсіпкерлер арасында тәжірибе алмасуға, қаланың бизнес-ортасын жақсарту мәселелерін талқылауға, сондай-ақ Қостанай облысының дамуы үшін ең таңдаулы инвестициялық жобаларды ұсынуға арналған тұғырнама іспеттес.

Өткелі тұрған форумның лейтмотиві Қазақстанның аграрлық-индустриалдық өңірі ретіндегі Қостанай облысының даму стратегиясын талқылау болмақ. «Kostanay Invest 2017» форумының жұмысына Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері, орталық мемлекеттік органдары, дипломатиялық корпус өкілдері, отандық, алыс және жақын шетелдік сарапшылар, бизнес-құрылымдары өкілдері, халықаралық ұйымдар басшылары және т.б. қатысады. Мұның сыртында, Форум алаңында танымал саясаткерлер мен экономистер, инвестициялық компаниялар, қаржы институттары өкілдері, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар басшылары сөз сөйлейді.

Форумның бағдарламасы: инвестициялық жобалар, тақырыптық панельдік сессиялар, инвестициялық жобаларды іске асыратын облыстың ірі кәсіпорындары бойынша ақпараттық тур сияқты іс-шараларды қамтиды.

Форумға қатысу ықтимал инвесторларға экономикалық, құқықтық және өңірдегі бизнесті жүргізудің өзге де жағдайларын зерделеуге, инвестициялық әлеуетпен танысуға, сондай-ақ ресми және іскерлік орта өкілдерімен инвестициялық ынтымақтастық перспективаларын талқылауға мүмкіндік береді.

Өткізілетін орны: Қостанай қ., Тәуелсіздік к-сі, 85, Е.Өмірзақов ат. облыстық филармония.

Қостанай облысы әкімдігінің
баспасөз қызметі

хат жіберу