Блог статистикасы
195
Жазбалар
3624
Өтініштер
153955
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Пхенчханнан кейін

Жыл сайнғы облыстық қысқы жарыстардың аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қостанай облысы бойынша департаментінің бастамасымен аймақтың саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілері арасында шаңғы жарысы өтті. Ондағы мақсат – мемлекеттік қызметшілерді салауатты өмір салтына, денешынықтыру мен спортқа баулу. Сондай-ақ көпшілік арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттау.

Мемлекеттік қызметшілер сайысынының стартына облыс әкімінің орынбасары М.Қ. Жүндібаев бастаған облыс әкімдігінің командасы да қатысты.  

Жаттықтырушылар штабының басшысы Қайрат Сүйіндіков негізгі үмітін жаттығу барысында жақсы нәтиже көрсеткен спринтер Саят Назировқа жүктеді. Алайда әкімдіктің ерлер командасында 3-шақырымдық қашықтықты тәжірибелі Бахыт Салықов қолға алды. Жарыс жолын Азамат Байтұрсынов пен Тимур Әйкенов те абыроймен өткере білді.

Ал бір шақырымдық қашықтықта қыздар командасын Оля Федянина бастады. Оны Жанна Нұрканова, Анастасия Савкина, Сәуле Исенова сияқты әріптестері қостады.

Шаңғы жарысына жиыны 30-дан астам мемлекеттік мекеме қызметшілері қатысты. Облыс әкімдігінің командасы жеңіске жете қоймағанымен, салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты серік ету жолында тамаша көңі-күйге ие болып қайтты.



хат жіберу