Блог статистикасы
196
Blog
2557
Апелляциялық
109193
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
  • «СарыарқаАвтоПром» зауыты, China National Vehicle Import and Export Company жəне «Kazakhexport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды
  • Акимы
Басу хат жіберу 11 Ноября 2017

«СарыарқаАвтоПром» зауыты, China National Vehicle Import and Export Company жəне «Kazakhexport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды

«СарыарқаАвтоПром» зауыты, China National Vehicle Import and Export Company жəне «Kazakhexport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Қол қою рәсіміне Қостанай облысының əкімі Архимед Мұхамбетов, Қазақстанның Даму банкінің төрағасы Болат Жəмішев, «Аллюр» компания тобы» АҚ басқармасы төрағасы Юрий Цхай, General Technology Group компаниясының өкілі Ванг Су Шенг қатысты.

Облыс əкімі Архимед Мұхамбетов қытайлық компания Қостанайға 1 млрд 200 млн доллар инвестиция құятынын айтты. «Бұл аз қаржы емес. General Technology Group компаниясы əлемдегі əлеуетті 500 кəсіпорынның ішіне кіреді. Соңғы жылы Қостанайдағы автомобиль шығару ісі 4 пайызға артты. Осы қарқында жұмыс істей берсек, отандық автоөндіріс саласын кеңейтіп, əлемдік нарыққа емін-еркін шығамыз», - деді өңір басшысы. Бүгінде автонарықта бәсекелестік жоғары. Жоспар бойынша «СарыарқаАвтоПром» зауыты жыл соңына дейін алты мың дана көлікті сатылымға шығаруға ынталы. «Аллюр» компаниясы тобы» АҚ директорлар кеңесі төрағасы Андрей Лаврентьевтің айтуынша, үшжақты əріптестік нəтижесінде «СарыарқаАвтоПром» ЖШС JAC автокөліктерін Ресей нарығына шығару құқығына ие болады.



хат жіберу