Блог статистикасы
196
Blog
2516
Апелляциялық
103416
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 4 Ноября 2016

Қостанай облысы әкімінен құрмет грамотасы

        Қостанай облысы төтенше жағдайлар жөніндегі Департаментінің отырыс залында салтанатты жиналыс өтті. Музыкалық сүйемелдеу ортаны жан жылылыққа бөледі. Қызметі кезінде адал еңбегі үшін Қостанай облысы әкімінің құрмет грамотасымен «Қостанай облысы төтенше жағдайлар Департаментінің өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы Марат Жусупов марапатталды.

         М.С. Жусупов өз қызметтік жұмысын 1998 жылында Қамысты кентінде Қостанай облысының МӨҚ № 11өрт сөндіру бөлімінің кіші инспекторы лауазымынан бастады, содан кейін 1999 жылдан бастап – Қамысты кентінде ӨБ-11 бастығының орынбасары, Қостанай қаласы өрт сөндіру қызметі басқармасының бастығы, Қостанай қаласы төтенше жағдалар жөніндегі басқармасының бастығы. 2012 жылдың қазан айынан қазіргі уақытқа дейін «Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖ» ММ бастығы ретінде жұмыс істейді, осы лауазымды өзінің кең кәсіби тәжірибесін пайдаланып атқаруда. Қызмет жылдары және ерең еңбегі үшін көптеген мемлекеттік және халықаралық наградтарымен, сыйақылар, медальдермен және ордендермен марапатталған.

         Қызметтік істе жоғары нәтижелерге қол жеткізгені және қойылған міндеттерді шешу кезіндегі мақсаттылығы үшін марапатталған құрмет грамоталарын Департамент бастығының орынбасары, полковник В.Э. Шиллер табыс етті, ол жиналғандарға ерең еңбек, өз кәсібіне деген сүйіспеншілігі үшін өзінің ілтипатын білдірді.

         Облыс әкімі апаттық жағдайлар кезінде және өрт зардаптарын жою кезіндегі жоғары дағдыларды көрсеткен, қиын жағдайларға тап болған адамдарға көмекке келетін облыс құтқарушыларының жұмысына өте жоғары баға берді. Өрт сөндіруші-құтқарушының - әлемдегі қиын және кәсіптерінің бірі екені бәріне мәлім. Осы жұмысты қаһарлы және адамдар ғана атқара алады, олар көптеген жағдайларда өз өмірін құрбан етуге дайын.

         Құрмет грамоталармен марапатталу үшін ұдайы қол шапалақтарға бөленген адамдардың ішінде «Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖ» ММ бастығының орынбасарлары Д.С. Полончук және Е.С. Агдавлетов.

         Осы күні қызметкерлер өзінің қиын жұмыстарынан уақытша қол босап, өмірде мерекелер де бар екенін есіне түсірді. Дәстүр бойынша құрмет грамоталармен басқаларға үлгі көрсететін ең үздік қызметкерлер марапатталды. Тәуелсіздік жылдары ішінде үлкен жетістіктерге жеткен еліміз Қазақстанның бүгінгі көптеген белестерің қазақстандықтардың өздері бағындырғаны анық. Салтанатты мерекеде басты үздіктері үшін ең жақсы әртістерінің күшімен мерекелік концерт жасалған және олардың атына көп жылы сөздер, құттықтаулар айтылған.



«Қостанай облысы ТЖД ӨС

және АҚЖҚ» ММ баспасөз-қызметі

хат жіберу