Блог статистикасы
196
Blog
2537
Апелляциялық
106398
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 21 Октября 2017

Қостанайда құқық қорғау қызметтерінің орталығы ашылды

Қостанай қаласында құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды. Жаңа орталықтың ашылу салтанатына облыс әкімі Архимед Мұхамбетов пен ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов қатысты.

«Атқарушы және құқық қорғау органдары мен халықтың арасындағы ашықтықты қамтамасыз ету жаңа нысанның басты міндеті саналады. Тұрғындардың құқық қорғау органдары қызметкерлеріне деген сенімі ешқашан төмендемеуі тиіс. Осы бағытта әлі де талай жұмыстар атқарылады», - деді Марат Ахметжанов.

Орталықта азаматтарға құқықтық сипаттағы сұрақтар бойынша көмек көрсетіледі. Құқық қорғау қызметтері орталығында кезекші прокурорлар азаматтардың әлеуметтік-экономикалық саладағы өтініштерін, әкімшілік өндіріс, сотқа дейінгі тергеу, азаматтық және қылмыстық істер бойынша шығарылған сот актілеріне қатысты сұрақтарын қарастырады.

Аймақтық прокуратуралардан және өзге өкілетті органдардан ақпаратты жедел түрде алу үшін кезекші прокурорлардың негізгі ақпараттық жүйелерге кіру мүмкіндіктері болады.

Болашақта, электронды қылмыстық және әкімшілік істерді енгізгеннен кейін, қылмыстық немесе әкімшілік ісетр бойынша арыз берілгенде кезекші прокурорлар арызданушылардың деректерін тексеру үшін материалдарды онлайн түрінде зерттей алады.

Сонымен қатар, орталықта адвокат, медиатор, мемлекеттік кіріс департаментінің, қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің, әділет департаментінің және өзге де өкілетті органдардың өкілдері азаматтарды қабылдау жүргізеді.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жаңа нысанның қала орталығында орналасқанын айтты. Оның сөзінше, бұл тұрғындардың заң саласындағы көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін орын болады. Нысан қажетті материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етілген.



хат жіберу