Блог статистикасы
189
Blog
2482
Апелляциялық
99815
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 21 Августа 2017

«Футбол-ленд» аттракциондар спорт паркінің ашылуы

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов және Қостанай қаласының әкімі  Базыл Жақыпов облыстық орталығында «Футбол-ленд» аттракциондар спорт паркінің ашылуына қатысты.

Спорт паркінің жұмысымен танысу барысында өңір басшысы қалада осындай объектілердің құрылысын көбейту қажеттігін атап өтті.

Жаңа спорт объектісі Жеңіс паркінің бұрынғы күтімсіз қалған учаскесінде салынды. Аталған объектінің пайда болуымен Жеңіс паркі аумағын абаттандыру және балалар демалысы мен ойын-сауықтырудың қосымша орны жөніндегі мәселе  шешілді.

Аттракциондар паркі 42х22 жасанды жабыны бар футбол алаңымен,  қазіргі заманғы аттракциондармен: батуттар, күш өлшеуіштермен, бамперболмен, сумоболмен және тағы басқа құралдармен жабдықталған, доп ұшу бағыты, бұрышы, соққы күші және тағы басқалар жөніндегі ақпаратты  смартфондар мен ақпараттық таблоға жіберу функциясы бар құрылғылар  орнатылған. Спорт паркінің құрылысына бюджеттен 30 млн. теңге бөлінді және 11 млн.теңге көлемінде қаражат тартылды. Жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік элементтерімен іске асырылды.

хат жіберу
E-mail