Блог статистикасы
196
Blog
2557
Апелляциялық
109431
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 15 Сентября 2017

Тархан Шақшақ Жәнібектің ескерткіші ашылды

Тархан Шақшақ Жәнібектің ескерткіші ашылды

Қостанайда Карбышев-Уральская көлік айналымында қазақ халқының бірінші Тарханы Шақшақ Жәнібекке арналған ескерткіштің ашылу рәсімі өтті.   

Іс-шараға Қостанай облысының әкімі, ҚР Парламентінің депутаттары, облыстың қалалар мен аудандарының әкімдері, облыстық басқарма басшылары, мемлекеттік, ғылыми мекемелердің, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері, ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамы, этномәдени бірлестіктерінің, саяси партиялардың, кәсіподақтардың өкілдері қатысты

Рәсімнің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов батыр бабаға арналған ескерткіштің мән-маңызына тоқталды.

«Бұл игі іс Елбасы ұсынған «Туған жер» бағдарламасының шеңберінде ұйымдастырылып отыр. Елдікті көрсетер сəулетті ескерткішті қаланың кіреберісіне қойғанымыз да бекер емес. Қалаға келген қонақтар Тархан бейнесіне қарап, қазақ батырының рухын бойына сіңіреді. Жəнібек ердің құнын екі ауызбен шеше алатын көсем болған деседі. Жас ұрпақ мұны білуі тиіс, - деді облыс әкімі.

Жоба бастамашысы, белгілі академик Кенжеғали Сағадиев қаржы жинауға атсалысқан ел азаматтарына алғысын білдірді. «Біз бүгін тарихи сәттің куәсі болып отырмыз. Тархан Жәнібек ел тəуелсіздігін аңсады. Осы жолда қолға қылыш алды. Бабамыз - мықты мәмілегер. Бұл туралы бірнеше тарихи деректер айғақтайды. Ескерткіш көптің жұмылуымен ашылды. Барша қостанайлықтарға алғысымды білдіремін», - деді Кенжеғали Сағадиев.

Белгілі жазушы Сəбит Досанов, ақын Серік Тұрғынбекұлы өздерінің жүрекжарды лебіздерін білдірді. Мұнан соң Шақшақ Жəнібектің тікелей ұрпағы Рахым Жұмағұлов пен академик Кенжеғали Сағадиев батыр ескерткішін салтанатты түрде ашты.

Сондай-ақ, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде «ШАҚШАҚ ЖӘНІБЕК – ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ТҰЛҒАСЫ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.




хат жіберу