Блог статистикасы
196
Blog
2514
Апелляциялық
103192
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 15 Сентября 2017

Кейкі батыр - Нұрмағамбет Көкембайұлы кесенесінің ашылуы

Кейкі батыр - Нұрмағамбет Көкембайұлы кесенесінің ашылуы

Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Арқалық-Амантоғай тас жолының 65-і шақырымында, Тасты ауылының маңында Нұрмағамбет Көкембайұлы – Кейкі батырдың кесенесі ресми түрде ашылды.

Іс-шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, үкімет делегациясы, ҚР Парламентінің депутаттары, Венгрияның Қазақстандағы елшісі Андраш Барани, облыстың қалалар мен аудандарының әкімдері, мемлекеттік органдардың басшылары, қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар, тарихшылар, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдері қатысты. 

Жиында сөйлеген сөзінде Гүлшара Әбдіқалықова бұл рәсімнің еліміздің рухани және қоғамдық-саяси өміріндегі мәні зор екенін атап өтті. Мемлекеттік хатшы осындай оқиғалар арқылы ұлт санасы тереңдеп, ел бірлігі нығайып, ұлт рухы асқақтай түсетінін айтты.

Сондай-ақ, жиында Кейкі батыр туралы қоғам қайраткерлері де пікір айтты. «Кейкі Көкембайұлы - ұлтының азаттығы жолында күрескен ұлт қаһарманы. Оның жарқын бейнесі ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, ерлігі елін рухтандырып тұра бермек», - деді жазушы Сəбит Досанов.

Одан кейін Арқалық қаласындағы Жас көрермен театрында батырдың өміріне арналған «Кейкі батыр. Өмірі мен өлімінің тарихы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясы және "Кейкі батыр" спектаклінің қойылымы көрсетілді.

Амангелді ауданының киіз үй қалашығында концерттік бағдарлама мен спорттық жарыстар өткізілді: қазақша күрес бойынша республикалық турнир, топ және аламан бәйге. Сонымен қатар, 16 қыркүйекте Жас көрермен театрында Кейкі батырға арналған республикалық ақындар айтысы өтті.

Анықтама үшін: «Кейкі батыр (Нұрмағамбет Көкембаев) – 1916 жылғы Ұлт-азаттық қозғалысы тарихындағы белсене қатысып, аңызға айналған тұлғалардың бірі. Ол өз елінің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күресті. Амангелді Иманов және қозғалыс жетекшісі Әбдіғапар ханның досы, сенімді серігі бола білді. Өзінің үзеңгілестері Амангелді Иманов, Әбдіғапар хан қайтыс болғаннан кейін Кейкі батыр кеңес өкіметіне қарсы шығып, қуғынға ұшырайды. 1923 жылы көктемде ол қызыл әскерліктердің қолынан қаза тапқан. Қанды қолжендеттер қазақ мергенінің басын кесіп алып, халықты қорқыту мақсатында Торғайдың орталық алаңына іліп қояды. Содан кейін оны заттай дәлел ретінде Орынборға жіберді. Кейіннен оны Санкт-Петерборға алып кеткен. Ол осы уақытқа дейін ұлы Петр атындағы (Кунсткамера) Антропология және этнография музейінде сақталды.


хат жіберу