Блог статистикасы
195
Жазбалар
3611
Өтініштер
153166
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 5 Марта 2018

Қостанайда үйлерге QR-кодтар орнатылмақ

Қостанайда «Smart city» жобасы Цифрландырудың жол картасы бойынша жүзеге асырылады. Бүгінде негізгі 10 бағыт анықталды. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен жиында Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыпов айтты. Биыл «Smart city» жобасы аясында Қостанайдағы көпқабатты үйлер мен әлеуметтік нысандардың ғимараттарына QR-кодтар орнатылады. Тұрғындар аталған кодтар арқылы нысанның тарихын, пошталық индексін біле алады.

Сондай-ақ, әр үйге бекітілген учаскелік полицей мен дәрігердің есімдері жазылған. «Бұл жобаның құны 18 млн теңгеге жуықтап отыр. Осы жылдың қыркүйек айына дейін қаладағы 1100 көпқабатты үй мен әлеуметтік нысандарға арнайы кодтарды енгіземіз. Бұған қоса қаланың «Ақылды картасы» жасалады. Бұнда көшелердің тізбегі, коммуникациялар мен ғимараттар көрсетіліп тұрады. «Ақылды карта» алдағы екі жыл ішінде толықтай жасалынып, пайдалануға беріледі»,-деді Б. Жақыпов.

«Smart city» жобасының тағы бір бағыты қоғамдық көліктерде пайдаланады. Енді автобустарда жүру үшін жол ақысы қолма-қол ақшамен емес, «Оңай» электронды картасы арқылы төленеді. «Біз Алматы қаласының тәжірибесіне сүйеніп, автобустарға электронды билет енгізуді қолға алмақпыз. Қазір мамандар жолаушылар көлігінің қызметі жөнінде мониторинг жасап жатыр. Бұл тұрғыда тұрғындардың пікірі маңызды. Барлығы жоспарлы түрде іске асса, «Оңай» картасы жақын арада-ақ жолаушылар игілігіне беріледі», - деп хабарлады қала әкімі. Жиында белгілі болғандай, биыл «Ақылды бағдаршам» жобасы да енгізіледі. Аталған бағдаршам үш режімде болады. Олар: таңғы, кешкі және түнгі. Қала әкімі айтқандай, осы режімдер арқылы электр энергиясын пайдалану қазіргіден 30%-ға дейін үнемделмек.



хат жіберу