Блог статистикасы
195
Жазбалар
3539
Өтініштер
149995
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 22 Января 2018

Қостанайда өнеркәсіп өнімдері көлемінің 90%-ы 4 кәсіпорынға тиесілі

Қостанайда өнеркәсіп өнімдері көлемінің 90%-ы 4 кәсіпорынға тиесілі

Қостанайда өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 4,2%-ға артқан. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен кеңейтілген жиында облыс әкімінің орынбасары Ерлан Спанов мәлімдеді. Оның айтуынша, былтыр облыс бойынша барлығы 747,2 млрд теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. «Бұл ретте жалпы өндіру көлемі 4,2%-ға өсті. Ал жан басына шаққандағы индекс көлемі - 104,2%. Ауыл шаруашылығында бұл көрсеткіш 3,5%-ға тең. 2017 жылы сауда-саттық 5%-ға өсіпті. Ал экономиканың негізгі локомотиві саналатын тұрғын үй құрылысына 2016 жылға қарағанда 2,8% инвестиция артық құйылған. Осылайша, тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемі 36%-ға артты», - деді ол өз баяндамасында. Өңірде еңбек өнімділігі 1,2 млн теңгеге өсіп отыр. Тағы бір айта кетерлігі, Қостанайда өнеркәсіп өнімдері көлемінің 90%-ы 4 кәсіпорынға тиесілі. Атап айтқанда, «Соколов-Сарыбай» кен өндіру басқармасы - 23,3%, «Варваринское» - 59,9%, «Қостанай минералдары» - 8,8%, «Комаровское тау-кен кәсіпорны» ЖШС өндіріс көлемі 3,5%-ға ұлғайды. Облыс әкімі жоғары нәтижеге қол жеткізген өндіріс ошақтарына алғыс білдірді. «Мені жан басына шаққандағы индекс көлемінің артқаны қуантып отыр. Әрине, бұл жоғарыда аталған өндіріс ошақтарының арқасы. Биылғы жылы да осы үдеден шығуымыз керек. Өткен жыл жаман болған жоқ. Сол көрсеткішті төмендетпеуге міндеттіміз»,- деді облыс әкімі. Спановтың дерегіне сүйенсек, өндіріс саласында кейбір аудандардың көрсеткіші төмен. Мәселен, Арқалық қаласы мен Алтынсарин, Федоров аудандары тиісті межеден шыға алмаған. Өңір басшысы өткен жылдың қорытындысы бойынша артта қалған аудан әкімдерінен жағдайды уақыт оздырмай түзеуді тапсырды.


хат жіберу