Блог статистикасы
189
Blog
2482
Апелляциялық
99814
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 28 Августа 2017

Қостанай қаласының күні

Қостанайлықтар қала күнін ерекше ықыласпен атап өтті. Түрлі спорттық және мәдени шаралар ұйымдастырып, концерттік бағдарламалар бір үзілген емес. Ән әуелеп, күй күмбірлеп тұр. Әкімдік алдындағы сахнада жергілікті өнерпаздар мен көршілес ел жұлдыздары қала қонақтары мен тұрғындары үшін ән шырқады. Бір сөзбен айтқанда, мерекелік көңіл-күй қалықтап тұрды.

Сондай-ақ, қостанайлықтарды облыс әкімі Архимед Мұхамбетов құттықтады. Ол өз сөзінде облыс көлемінде атқарылған жұмыстарды баяндап, ізгі тілегін білдірді. -Биыл Қостанай қаласының құрылғанына 138 жыл толып отыр. Өңірде біршама жақсы істер жасалды. Жолдар жөнделіп, қаламызда айшықты жерлер көптеп пайда болды. Елбасы бастамасымен "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында жаңа шағын аудандар салып, ептеп баспана мәселесін шешіп келеміз. Бүгіндері облыстың, соның ішінде, Қостанай қаласының дамуы қарқынды жүріп жатыр. Бұл барлық қостанайлықтардың бірлігі мен тынымсыз еңбегінің жемісі. Сіздерді осынау әсем қаланың құрылған күнімен шын жүректен құттықтаймын!- деді өңір басшысы.

Бұдан соң Архимед Мұхамбетов облысқа еңбегі сіңген тұлғаларға "Қостанай облысының Құрметті азаматы" атағын табыстады. Әуелі болып сахна төріне Ахметов Сабыржан Ахметұлы шықты. Ол көп жылдар бойы үкіметтік орындарда басшылық қызмет атқарып, Ұзынкөл, Аманкелді аудандарының және Арқалық қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосты. Сабыржан Ахметұлы — Аманкелді ауданының Құрметті азаматы, "Құрмет", "Парасат" ордендерінің иегері.

Беркенова Әсия Әйіпқызы — елімізге танымал айтыскер ақын, Халық ақыны. Әсия Әйіпқызы 25 жыл ауыл мектебінде орыс тілінен сабақ берген ұлағатты ұстаз, айтыс аламанына бірталай жастарды қосқан өнер жанашыры.

Ихтиляпов Өмірзақ Бекділдәұлы — агроөнеркәсібінің еңбек ардагері, Науырзым ауданы "Шолақсай-1" ЖШС басшысы ретінде 49 жыл еңбек етіп, еліне шапағаты тиген азамат. "Құрмет", "Парасат" ордендері мен "Еңбек ардагері" медалінің иегері.

Семенова Вера Григорьевна — облыстың беткеұстар азаматтарының бірі. Облыстық мәслихаттың бірінші хатшысы болған. Қазір де өңірдің тіршілігіне белсене атсалысып, игі істердің басы-қасында жүреді. Қостанай қаласының Құрметті азаматы. Облыстық қоғамдық кеңестің белді мүшесі.

Одан ары концерттің көркін еліміздің эстрада әншілері мен ресейлік жұлдыздар кіргізді. Атап айтсақ, Айжан Нұрмағанбетова, белгілі "Рок-Остров" тобы мен Виктория Дайнеко қостанайлықтарды құттықтады. Мерекелік шара отшашумен аяқталды.

Ақпарат мына сайттан алынды: http://www.kostanaytany.kz

хат жіберу
E-mail