Блог статистикасы
195
Жазбалар
3850
Өтініштер
162020
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 7 Декабря 2018

Үздік әдеп жөніндегі уәкілдер анықталды

Тұңғыш Президент күні қарсанында Астанада «Үздік әдеп жөніндегі уәкіл» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Марапаттау салтанаты «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасының негізгі басымдықтарына сәйкес «Парасаттылық - сананың табысты трансформациясы жолында» тақырыбында өтті.

Орталық деңгейде үздік әдеп жөніндегі уәкіл атағына Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі Т.Ж.Тасмағамбетов, ал жергілікті атқарушы органдар арасында Ақмола облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Н.Ә.Әбдірахманов ие болды. Жеңімпаздар естелік сыйлықтармен, грамоталармен марапатталды. Сонымен қатар, жеңімпаздар халықаралық әдеп стандарттарын зерделеу мақсатында тәжірибе алмасу үшін шетелге жолдама алды.

Конкурс қатысушылары 2018 жылдағы жұмыс нәтижелері мен эссе ұсынды, мемлекеттік қызметтің әдептілігін одан әрі жоғарылатудағы көзқарасымен бөлісті.         Алғаш рет өткізген конкурсқа азаматтық қоғам өкілдерінің конкурстық комиссия жұмысына араласқаны объективтігін және маныздылығын көтерді.

Конкурстық комиссия құрамына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары С.Н.Громов, Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінін департамент директоры Р.Қ. Тюлебаев, Мемлекеттік банк мекемелерінің және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы М.Х.Жақыпов, «Татар және башқұрттардың Қазақстандық конгресі» республикалық қоғамдық ұйымының басқарма төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңес мүшесі А.Т.Кәрімов, ҚазГЗУ ректоры Т.М.Нарықбаев және «Жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталық» Республикалық қоғамдық ұйымының төрағасы Т.З. Байғұлов, «Нұр Отан» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы республикалық қоғамдық кеңес төрағасы Ж.А. Джарасов, Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың техникалық кеңесшісі М.И. Өтешев, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары И.Т. Салжанов,BusinessChannel телеканалының жүргізушісі Е.Мұхамеджанов, Парламентаризмді дамыту қоғамдық қорының президенті З.К. Батталова енгізілді.

Сонымен қатар марапаттау рәсміне орталық мемлекеттік органдардың жауапты хатшылары және облыс әкімдері аппаратарының басшылары қатысты.    Әдеп жөніндегі уәкілдер институты біздің ел үшін жаңалық болып табылады. Конкурс нәтижелері әдеп жөніндегі уәкілдер мемлекеттік қызметте әдеп нормаларын енгізуде қомақты тәжірибе жинақтағанын анықтады. Бұндай шаралар өз жұмысында үздік нәтижелерге қол жеткізуге ынталандырушы болады. Аталған конкурс үздік әдеп жөніндегі уәкілді таңдау мен әдеп жөніндегі уәкілдердің біріңғай рейтингін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Қостанай облысы рейтингтің 3-позициясында.


хат жіберу