Блог статистикасы
195
Жазбалар
3269
Өтініштер
143226
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Xабарландыру

Xабарландыру

Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған   іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңін (2016-2018 жылдар) іске асыру аясында «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының қаулысымен 2018 жылғы 18 сәуірдегі №004 «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» конкурсын өткізу туралы ереже бекітілді.

Жеке тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де коммерциялық емес ұйымдар конкурсқа қатысушы - бастамашылық әлеуметтік жобалардың авторлары бола алады.

«Нұр Отан» партиясы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері атынан облыстық, аудандық және қалалық әкімдіктер, бизнес қауымдастықтар конкурстың ұйымдастырушылары болып табылады.

Конкурс өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға ұсынылатын қызметтерді қоса алғанда, өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған бастамашылық әлеуметтік жобаларға қолдау көрсету мақсатында өткізіледі.

Конкурстың негізгі міндеттері:  

1) Қазақстан Республикасында іске асырылатын үздік бастамашылық әлеуметтік жобаларды айқындау;

2) ұсынылған әлеуметтік жобаларда пайдаланылған үздік тәжірибелерді кеңінен тарату;

3) өзекті әлеуметтік проблемаларды шешуде мемлекеттің, азаматтық қоғамның, бизнес пен азаматтардың күш-жігерін біріктіру.

«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ осы іс-шараны «Ритм» жастар қоғамдық бірлестігі өткізетін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында өткізеді. Өңірлік деңгейде әлеуметтік жобаларды іріктеу ағымдағы жылғы 16-31 шілде аралығында өткізіледі.    

Құжат тапсыруға ниет білдірген конкурсқа қатысушылар «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» конкурсын өткізу туралы ережеге сәйкес өтінімді ресімдейді және аудан, қала әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне жолдайды, анықтама телефоны: 8 (7142) 501-314, «Ритм» ЖҚБ i-kovriga@inbox.ru (өтінім нысаны қоса беріледі).

хат жіберу