Блог статистикасы
195
Жазбалар
3619
Өтініштер
153519
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 18 Мая 2018

Облыс әкімі аудандарды аралады

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Меңдіқара және Ұзынкөл аудандарында болып, көктемгі егіс жайымен танысты және бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап көрді.

Биылғы жылы Меңдіқара ауданы 284,6 мың гектарға дән сеппек. Оның 184,1 мың гектарына бидай егіледі. Бірақ аудан диқандары былтырдан бері майлы дақылдарға көп көңіл бөліп келеді. Себеп – нарықтағы бидай құнының төмендігі. Өңір басшысы мұндағы "Дархан жер" шаруашылығының егіс жұмыстарымен танысып, диқандардың мәселелерін тыңдады.  
"Азат и Д" қожалығының иесі Марат Ахметов жол мәселесін алға тартты.  «Біздің қожалықтар аудан орталығынан алыста орналасқан. Астықты мұнда ұзақ сақтай, сата да алмаймыз. Сондықтан, қалаға баруға тура келеді. Бізде темір жол қатынасы жоқ, тас жол сапасыз. Жүк көліктеріне жүру қиынға соғады. Шамамен 60 шақырымдай болады. Осы мәселені алдағы уақытта шешіп берсеңіз», - деді диқан. Облыс басшысы аудан әкімі Ерлан Теменовке жұмыс барысында аталған мәселені дереу шешу керектігін айтты. «60 шақырым деген аз жер емес, сондықтан күрделі жөндеу жұмыстарын жасаймыз деп уәде етпеймін, тек ағымдағы жөндеу болады. Қазір Меңдіқара ауданынан Қостанай қаласына дейінгі аралықағы жолды жөндеп жатырмыз. Жыл соңына дейін аяқталады. Ал сіз айтқан жолдарды 2019-2020 жылдары жөндеуге тырысамыз»,-деді облыс әкімі.

А.Мұхамбетов Ұзынкөл ауданыда да болды. Мұндағы мәселенің жөні бөлек. Диқандарға жұмыс күші жетіспейді. «Ауылға жастар келмейді. Жұмысшы таба алмай отырмыз. Көрші елден әкелсек пе деп ойлаймыз. Бұрын Ұзынкөлде кәсіптік оқыту колледжі болған еді, сол жабылғалы қиын болды. Меңдіқара колледжінің студенттері бізге келмейді»,-дейді диқандар. Алайда облыс әкімі өзге мемлекеттен жұмысшы күш тартқанша Қазақстанның басқа облыстарынан адам әкелу керектігін айтты. «Жуырда ғана Маңғыстау облысында болып, бос орындар жәрмеңкесін өткіздік. Біраз отбасы Қостанай облысына келетін болды. Міне, аудан әкімі бастап Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Маңгыстау және оңтүстік Қазақстан облыстарына барыңыздар. Жұмысшы шақырып, оларға жағдай жасаңыздар»,-деді А.Мұхамбетов.

Өңір басшысы Ұзынкөлдегі ет қабылдау цехінің жұмысымен де танысты. Сондай-ақ Балалар шығармашылық үйін аралап көрді.








хат жіберу