Блог статистикасы
195
Жазбалар
3154
Өтініштер
138301
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 14 Февраля 2018

Облыс басшысы электронды цифрлық қолтаңбасын алды

Қостанай облысы әкімдігінің қызметкерлері электронды сандық қолтаңбаларын алды. №1 ХҚКО-ның мамандары әкімдік ғимаратына келіп, қызметкерлерге ЭЦҚ ашу және оны қолдану тәсілін көрсетті. Алғаш болып жеке құжатын алғандардың қатарында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов те бар. 

№1 ХҚКО-ның бөлім басшысы Мирас Рахметовтің сөзінше, Электронды құжаттың заңды күшіне енуі үшін арналған және мөр басылған қағаз жүзіндегі құжатпен тең.

- Электронды қолтаңба – кез келген азаматтың өз қолтаңбасының нақты көшірмесі. ЭЦҚ-ның қағаз түріндегідей заңды күші бар. Мемлекеттік қызметкерлеге тиімді болу үшін біздің мобильді ұжым осында келіп, жұмыс істеуде. Бұдан соң біз барлық басқармаларға барып, оларға да ЭЦҚ ашуға көмектесеміз. Сондай-ақ, аудандардағы ХҚКО-ның бөлімшілері де бұл жұмысты қолға алмақ. Екі күн ішінде облыстық әкімдіктің барлық қызметкерлерін қамтып үлгереміз,-дейді №1 ХҚКО-ның бөлім басшысы Мирас Рахметов.

Қостанай облысы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Сүйіндіков Қайрат Жанділдәұлының айтуынша, ғаламтор тілін меңгерген адам үшін үйде отырып-ақ талай қызметтерге қол жеткізуге болады. Алайда жұртшылық электронды қызмет алуға айтарлықтай құлықсыздық танытып отыр. 

«Бұл шара «Өзгерістерді өзіңнен баста» деп аталатын акция барысында қолға алынды. Қолтаңбаны қолдану өте оңай. Ол үшін ешқандай арнайы білімнің, дағдының және іскерліктің қажеті жоқ. Электрондық құжаттамамен алмасуға қатысатын әрбір ЭЦҚ пайдаланушыға ашық және жабық (құпия) криптографиялық кілттер беріледі», - дейді ол.

Айта кетейік, облысымызда мемлекеттік органдар 388 қызмет түрін көрсетеді. Оның 218-ін немесе 56%-ін электронды қол қою арқылы алуға болады. Бұдан бөлек қызметтің 30 түрін электронды қол қоймай-ақ, бір реттік пароль арқылы алатын мүмкіндік бар. Ол үшін қызмет алушы азамат жеке куәлігінің ЖСН және ұялы телефонының нөмірін терсе болғаны.


хат жіберу