Блог статистикасы
196
Blog
2537
Апелляциялық
106383
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
  • «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялауға» өтінімдер қабылдау басталды
  • Акимы
Басу хат жіберу 1 Ноября 2017

«Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялауға» өтінімдер қабылдау басталды

«Ак Кайнур Агро» ЖШС «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру аясында 2017 жылдың 01 қарашадан бастап инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялаудың басталғаны туралы хабарлайды. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы (ХҚКО мына мекен-жай бойынша: Тәуелсіздік к 114ү. Гашека к 14ү, Курганская к 31 ү.)

Инвестициялық субсидиялау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 01 ақпандағы №48 бұйрығымен бекітілген «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау» қағидалары негізінде жүзеге асырылады.

Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес, бірінші топтың бағыттары бойынша инвестициялық субсидиялар берілетін инвесторлардың өтінімдері 2017 жылдың 1 шілдесіне дейін қабылданады және қаралады.

2017 жылдың 1 шілдесінен кейін бірінші және екінші топтардың бағыттары бойынша инвестициялық субсидиялар берілетін  инвесторлардың өтінімдері қабылданады және қаралады.

            Жыл бойында комиссия отырысында ауыл шаруашылығы кооперативтерінің өтініштері басым тәртіппен қаралады.

Инвестициялық субсидиялаудың шарттары туралы толық ақпаратпен zan.gov.kz сайтынан танысуға, қосымша ақпараттармен ЖШС «Ак Кайнур Агро» Қостанай қаласы, Чехов к. 103ү. 3 қабат, 1 бөлмесі.  8 (7142) 56-85-78, 8 705 188 48 53, 8 701 832 77 07 нөміріне қоңырау шалу арқылы білуге болады.

хат жіберу