Блог статистикасы
195
Жазбалар
3268
Өтініштер
143078
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 3 Июля 2018

Сарыкөл ауданының әкімі тағайындалды

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс сапары аясында Сарыкөл ауданының Мәслиxатымен келісе отырып жаңа әкімді тағайындады. Бұл қызметке Амантай Кәкімбекұлы Балғарин келді. Ол осы уақытқа дейін Қостанай облысы Арқалық қаласының әкімі қызметін атқарып келді. Амантай Кәкімбекұлы 1962 жылы туған, екі жоғарыбілімі бар. 1994 жылы ветеринар мамандығы бойынша Алматы малдәрігері институтын, 2007 жылы есеп және аудит мамандығына сәйкес Алматы экономика және статистика академиясын тәмәмдады. Еңбек жолын Әулиекөл ауданынына қарасты бұрынғы Қаймақкөл кеңшарында мал дәрігері болып бастады. Әр жылдарда Қостанай облысы Ауылшаруашылығы басқармасының басшысы, Наурзым, Әулиекөл аудандарының әкімі болып қызмет жасады. 2016 жылдың шілде айынан осы уақытқа дейін Қостанай облысы Арқалық қаласының әкімі лауазымын атқарды. «Құрмет» ордені және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталған. 

            Облыс әкімінің баспасөз қызметі






хат жіберу