Блог статистикасы
195
Жазбалар
4291
Өтініштер
172270
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 25 Декабря 2018

Қостанайлық балғындардың қуанышы

Қостанайда ҚР Президентінің жаңа жылдық шыршасы өтті. Мерекелік іс-шараға облыстың аудан, қалаларынан дарынды балалар қатысты. Көңілді кеште қуыршақ театры мен эстрадалық-цирктің өнерпаздары әртүрлі қойылымдар ұсынды. Балалар мультфильм кейіпкерлерімен бірге билеп, хормен ән айтты. Олар теледидар арқылы Президенттің құттықтауын тыңдап, Елбасыға алғыс айтты.

Мемлекет басшысы өзінің құттықтау сөзінде: «Қадірлі балалар! Жаңа жыл баршамыз асыға күтетін мерейлі мейрам, жақсылық жаршысы. Бұл, ең алдымен, балалардың мерекесі, кішкентайлардың қуанышы. Сендер бақытты ұрпақсыңдар. Келер жаңа жылда барлығы да өзгеше болады. Сендер жаңа жетістіктерге жетесіңдер, жаңа білім аласыңдар, керемет жаңалықтар ашасыңдар. Қашанда отбасыларыңа деген шексіз сүйіспеншіліктерің, достарыңа деген адалдықтарың, ұстаздарыңа деген құрметтерің болсын. Ұлы дала елінің ұлағатты ұландары үнемі алдыңғы қатарда болуы керек. Біз сендердің ақылды да алғыр, зерделі де зерек болып өсулеріңді қалаймыз. Еліміздің болашағын сеніп тапсыратын үкілі үмітіміз өздеріңсіңдер Сол үшін біздің мемлекетіміз барлық мүмкіндікті жасап берді»,- деді.

Елбасының құттықтауынан соң Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов сөз алды. Архимед Бегежанұлы өңірде балаларға барынша жақсы жағдайлар жасалып келе жатқанына тоқталды. «Балалар – біздің болашағымыз, байлығымыз, үмітіміз. Сіздерге үлкен үміт артамыз. Елбасы өзінің құттықтау сөзінде сіздерге жарқын болашақ тіледі. Егер, сіздер оқуда озат болып, білікті маман атанып, еліміздің қарқынды дамуына үлес қосатын болсаңыздар, біздің еліміздің болашағының жарқын болатынына кәміл сенімдімін. Сіздер үшін қолдан келген жақсылықтарды жасай береміз»,-деді облыс басшысы.

Мұнан соң облыс әкімі Елбасы атынан балаларға смартфондар, Астана туралы кітап, тәттілер сыйға тартты. Балаларға арналып жаңа жылдық мерекелік бағдарлама ұсынылды, қызықты ойындар ойналып, әсем әндер шырқалды.



хат жіберу