Блог статистикасы
195
Жазбалар
3362
Өтініштер
146114
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 26 Сентября 2018

Қостанай облысы әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі тағайындалды

Қостанай облысы әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі тағайындалды.

Қостанай облысы әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі лауазымына Ғаббасов Азамат Ержігітұлы тағайындалды.

Азамат Ғаббасов 1976 жылы туған. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери академиясын бітірген.

1998 жылдан бері әскери қызмет атқарып келеді. Әр жылдарда Алматы және Талдықорған қалаларындағы әскери бөлімдерде командир, Алматы облысы Кербұлақ ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы қызметтерін атқарды.

2016 жылдың шілде айынан қазіргі кезге дейін Қостанай облысы Қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысының орынбасары – тәрбие және идеология жұмыстары жөніндегі бөлім басшысы лауазымын атқарып келді.

III, II, I дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен марапатталған.

Қостанай облысы әкімінің

баспасөз қызметі

хат жіберу