Блог статистикасы
196
Blog
2537
Апелляциялық
106398
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 6 Ноября 2017

Қарабалық ауданының әкімі тағайындалды

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің өкімімен Қарабалық ауданына жаңа әкім тағайындалды. Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов Қарабалық аудындағы жұмыс сапарында жергілікті активке жаңа әкім Арман Әлиевті таныстырды.

Арман Әлиев 1966 жылы бұрынғы Ақмола облысы Ерейментау қаласында туған. Үш жоғары білімі бар. Қарағанды кооперативтік институтын экономист мамандығы, Құқықтану және халықаралық қатынастар институтын заңгер мамандығы бойынша тәмамдады. РФ Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет және халық шаруашылығы академиясының мемлекеттік және муниципалдық басқару мамандығының магистратрі. Еңбек жолын 1989 жылы Шортанды аудандық тұтынушылар қоғамындағы совхоз жұмысшылар кооперативінде бас бухгалтер болып бастады.

Әр жылдары Қостанай облысының Қамысты ауданында совхоз жұмысшылар кооперативінде, Қостанай облысы Ішкі істер департаментінде, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы департаментінде қызмет атқарған. Қостанай облысы қазынашылық департаменті бастығының орынбасары, 2010 жылдан бастап 2016 жылға дейін «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы болған.


хат жіберу