Блог статистикасы
195
Жазбалар
4922
Өтініштер
193368
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 17 Июля 2019

Әулиекөл ауданының әкімі тағайындалды

Әулиекөл аудандық мәслихаты депутаттарымен келісе отырып, облыс әкімінің өкімімен Ерлан Олжабайұлы Теменов Әулиекөл ауданының әкімі лауазымына тағайындалды.

Теменов Ерлан Олжабайұлы 1971 жылы туған, Ақмола облысының тумасы, қазақ, білімі жоғары.1993 жылы Алматы зооветеринарлық институтын зооинженер мамандығы бойынша, 2001 жылы Қарағанды экономикалық университетін экономист-бухгалтер мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 1993 жылдың қарашасынан Арқалық аудандықсалық инспекциясының салық инспекторы лауазымынан бастады. Салық қызметінің түрлі лауазымдарында жұмыс істеді.

2010 жылдың қыркүйегінен 2015 жылдың қазанына дейін Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2015 жылдың қарашасынан 2017 жылдың сәуіріне дейін - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімінің орынбасары.

2017 жылдың мамырынан бастап – Меңдіқара ауданының әкімі.

 

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі

хат жіберу