Қостанай облысының ресми интернет - ресурсы
Блог статистикасы
140
Blog
2083
Апелляциялық
77399
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)

«Наурыз мейрамы»- 2016

Наурыз мейрамына арналған қалалық іс-шаралар мәдени, ойын-сауық және спорт іс-шараларынан тұрады.

Мереке облыстық әкімдік алаңында және Сити-центрде өтеді.

21 наурызда сағ.12.00-де «2-Қостанай» шағынауданының тұрғындарына ұлттық салт-дәстүр, ұлттық спорт ойындары көрсетілетін «Наурыз мерекем, наурыз - берекем!» деген театрландырылған қойылым болады.

Басты мерекелік іс-шаралар қалада 22 наурызда  облыстық әкімдік алаңында және Сити-центрде өтеді.    

Алаңға 21 киіз үй тігіледі. Конкурсқа ірі кәсіпорын, ұйым, жоғары оқу орындары және колледждер қатысады. Киіз үйлер конкурсы өткізіледі.

Сағат 11.00-де орталық алаңда облыс әкімінің қатысуымен мерекелік бағдарлама өтеді.  «Наурыз – Нұрлы жол» атты театрландырылған қойылыммен басталады. Бағдарлама содан кейін Қыдыр – атаның келуі,  Күн мен Түннің кездесуі, Шашу рәсімі, Наурыз – көжеден ауыз тию, ән мен биге ұласады.

Сағат 11.30 дан сағат 13.30 дейін Қазақстанда тұратын халықтың ұлттық костюмдарының мерекесі болып өтеді. Костюмдердің тарихы және ерекшелігі туралы көркем түрде әңгімеленетін болады, Е. Өмірзақов атындағы облыстық  филармонияның әншілері қазақстандық авторлардың белгілі музыкалық композицияларын орындайды.

 Облыстық әкімдіктегі бағдарлама «Достық керуені қонақтарды қарсы алады» хор парадымен аяқталады, бағдарламада қазақ, орыс, кәріс хорлары өнер көрсетеді.

Наурыз мейрамын көпшілік спорт сайыстарынсыз елестету мүмкін емес, , басты жарыс шахмат клубындағы сахнада өтеді.

Алғашқы рет шахмат клубының жанында келесі бағдарламад ең  қызғылықты ұлттық ойындар көрсетіледі:

-                   Аударыспақ;

-                   Тоғыз құмалақ;

-                   Қой көтеру;

-                   Өгіз тартыс;

-                   Жілік сындыру;

-                   Асық ату;

-                   Арқан тарту;

-                   Қазақ күресі.

Жарыс сағат 11.00 ден сағат 14.00 дейін болады.

Алғашқы рет Алтынсарин көш. бойында «Кең дала» атты ат-спорты кешені қойылады. Онда асылтұқымды құлындардың көрмесі, атпен және бұғымен серуендеу, кафе ұйымдастырылады.

Одан әрі ОӘД мен Бизнес –орталық ғимаратының арасында қаланың кафе және мейрамханаларының ұйымдастырған тағам, ойыншықтардың «Палау әлемі» және «Бауырсақ- Қазақстанның кулинарлық бренді» атты сауда орындары орналасады. Конкурс қорытындысы бойынша ең үздіктері жүлдемен және алғыс хаттармен марапатталады.  

Сити – орталық сахнасында «Наурыз – жаңа өмір» атты қаланың жастары арасында таланттылар фестивалінде жаңа есімдер өз өнерлерін көрсетіп қала тұрғындарына жақсы көңіл-күй сыйлайды. Фестивальден соң өздерінің шығармашылық шеберліктерін қалалық балалар және жастар шығармашылығы мектебініңі ең үздік ұжымдары көрсетеді.

 

Қостанай қаласы әкімінің баспасөз қызметі


хат жіберу
E-mail