Блог статистикасы
196
Blog
2554
Апелляциялық
108833
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 5 Октября 2017

«Туған жер – Туған ел» ғылыми-практикалық конференциясы

«Туған жер – Туған ел» ғылыми-практикалық конференциясы

Е. Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда «Туған жер - Туған ел": білім беру жүйесін дамыту басымдылығы» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиын барысында облыс әкімі жылдың үздік педагогтарын марапаттады.

Жиынға облыстық мәслихаттың, әкімдіктің, «Нұр Отан» партиясы филиалының өкілдері, басқа да мүдделі мемлекеттік органдар, облыстың жоғары оқу орындарының ректорлары қатысты. Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов биыл «Туған жер» бағдарламасы бойынша педагогтардың жемісті жұмыс істегенін айтты. «Бүгінде білім мен мәдениетті дамыту алдыңғы қатардағы шаруа екені сөзсіз. Білімнің дамуы біздің елдің әлемдік аренадағы орнын нығайтуға септігін тигізеді. Сондай-ақ, қоғамның рухани тұрғыда жаңғыруы да ұстаздарымыздың қолында. Сол себепті облыс педагогтарының алдында үлкен міндеттер тұр», - деді өңір басшысы.

Мұнан соң Архимед Мұхамбетов жылдың үздік педагогтарын марапаттау рәсімін өткізді. «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен Қостанай қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлсім Оразбаева мен Рудный қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Наталья Длина марапатталды. Әулиекөл өнер мектебінің оқытушысы Салтанат Оспановаға «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі тапсырылды.

Сонымен қатар білім саласын дамытуға ерекше үлес қосқан тағы жеті педагогқа «Ұлағат» мүсіншесі және ақшалай сыйлық табыс етілді. Қостанай облысы білім басқармасында жұмыс істейтін 30 педагог облыс әкімінің грамотасын алды.



хат жіберу