Блог статистикасы
195
Жазбалар
3261
Өтініштер
142709
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 23 Февраля 2018

Қостанайда ұлттық-мәдени орталық салынады

2019 жылы Қостанай қаласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ұлттық-мәдени орталық бой көтереді.

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов тұрғындарға есеп беру кездесуінде атап өткендей, былтырғы жыл қостанайлықтар үшін рухани жаңалықтарға толы болды. Өңірде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында ескерткіштер мен кесенелер салынып, мәдени бағдарламалар ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, Кейкі батырдың сүйегін жерлеу, Шақшақ Жәнібекке ескерткіш ашу, Ыбырай Алтынсариннің кесенесін қайта жаңғырту - аталған шаралардың басы болды. «Бірнеше жыл бойы жемісін беріп келе жатқан «Көркейе бер, Қостанай!» акциясы былтыр да жақсы жаңалықтарымен қуантты.

Облыстың киелі жерлері бойынша экспедиция ұйымдастырылған «Ұлы дала қазынасы» жобасы қоғамдық резонансқа ие болды. Қалалар мен аудандарда әлеуметтік инфрақұрылым жақсартылды: балалар және спорт алаңдары, шағын орталықтар, мәдениет үйлері ашылып, 100-ден астам білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт мекемелері жөндеуден өтті», - деді Архимед Мұхамбетов.

Облыс әкімі тілге тиек еткен тағы бір жоба - қаладағы ұлттық-мәдени орталық. Аталған орталық 1000 адамға шақталған. Құрылыс жұмыстарына 1 млрд 700 млн теңге жұмсалмақ. «Ұлттық-мәдени орталық облыстағы ең көлемді нысандардың бірі болады.

Мұнда түрлі деңгейде шаралар өтеді. Негізінен, құрылысшылар алдағы желтоқсан айында барлық жұмыстарды толықтай аяқтауға уәде етіп отыр. Дегенмен, орталық 2019 жылдың бірінші тоқсанында ел игілігіне беріледі. Айта кетейік, ұлттық-мәдени орталықтың салынуына инвесторлардың қаражаты тартылды. Бұл ретте бюджеттен ақша бөлінбейді», - деді облыс басшысы.


хат жіберу