Блог статистикасы
195
Жазбалар
4802
Өтініштер
187104
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 3 Сентября 2019

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша кеңес

Бүгін Қостанай облысының әкімдігінде облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен актив отырысы өтті, онда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанныңтұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген бағыттары қаралды.

          Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Жолдаудың маңыздылығын атап өтіп, Мемлекет басшысы белгілеген негізгі 5 бағытты атап өтті.

«Бұл маңызды құжат, оның негізіне Президенттің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» жобасы Елбасы саяси бағытының қисынды жалғасы болып табылады. Жолдауда экономикалық реформаларды табысты жүргізумен қатар қоғамдық-саяси өмірді жаңғыртудың маңызды мәселелері көрініс тапты. Осылайша, Мемлекет басшысы қойған барлық міндеттер әрбір адамның өмірін жақсартып, оның заңды құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған. Бүгінде біз осы бес бағытты жүзеге асыру үшін мемлекет пен қоғамның күш-жігерін біріктіруіміз қажет», - деді А. Мұхамбетов.

Сондай-ақ, кеңесте облыс әкімі қостанайлықтардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша бірқатар іс-шараларды атап өтті.

Мысалы, көлік инфрақұрылымын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ағымдағы жылы ұзындығы 528 км жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын қайта жаңартуға, күрделі және орташа жөндеуге 14,9 млрд. теңге бөлінді. Бұдан басқа, республикалық маңызы бар автожолдарды қайта жаңарту, жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарын жүргізуге 9,4 млрд. теңге қарастырылған.

«Қостанай» әуежайының жасанды ұшу-қону жолағын қайта жаңарту жөніндегі екі жылдық жобаны іске асыру аяқталып қалды. Бұл мақсатқа 4,4 млрд.теңге бөлінді.Қайта құру аяқталғаннан кейін «әуе айлағы» ұшу бағытын ұлғайтуға мүмкіндік береді және жүк кемелерін қабылдау мүмкіндігі пайда болады.

Сондай-ақ, елді мекендерді сумен, газбен жабдықтау, құрылыс және              т.б. іс-шаралар айтылды.

«Жалпы, біздің облыс барлық бағыттар бойынша оң динамиканы көрсетуде», - деп түйіндеді облыс әкімі.

Актив барысында мемлекеттік органдар, қоғам және бизнес өкілдері сөз сөйледі. Олар Жолдауда қойылған міндеттерді шешу азаматтардың әл-ауқатының өсуіне ықпал ететінін атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімі Мемлекет Басшысының Жолдауын жүзегеасыру бойынша бірқатар міндеттер қойды.

хат жіберу