Блог статистикасы
195
Жазбалар
3619
Өтініштер
153473
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 29 Сентября 2018

Мәулен Әшімбаев Қостанайда «Нұр Отан» партиясының мүшелерімен кездесті

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары арнайы сапармен Қостанай облысына барды. Сапар барысында Мәулен Әшімбаев партияның «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ» аудандық филиалына қарасты бастауыш партия ұйымдарының төрағаларымен және кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесті. Сондай-ақ партия қызметін жаңғырту аясында қолға алынған жаңа жобалардың аймақта жүзеге асырылу барысымен танысып, партияның облыстық активімен жиын өткізді. Одан бөлек, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша өңірлік жобалау кеңсесінде болды және облыс әкімі, партия облыстық филиалының төрағасы Архимед Мұхамбетовпен бірге «7-20-25» бағдарламасы бойынша баспаналы болған жергілікті тұрғындарға пәтер кілтін тапсырды. Елбасының партия Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасы бойынша соңғы айларда партия қызметін жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқаны белгілі. Бірқатар тың жобалар қолға алынып, жаңа бастамалар жүзеге асырылуда. Соның ішінде бастауыш партия ұйымдарының рөлін күшейту ісі де бар.

Бүгінде еліміз бойынша «Нұр Отанның» 6 мыңға жуық бастауыш партия ұйымы бар. Бір миллионнан астам нұротандықтар осы ұйымдарға топтастырылған. Биыл аталған ұйымдардың жұмысын жандандыру мақсатында партия тарихында алғаш рет еліміздің төрт аймағында арнайы форумдар өткізілді. Онда қатысушылар БПҰ қызметтерін одан әрі жандандыруға бағытталған тұжырымдамаға енгізу үшін өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Ең ірі және белсенді бастауыш партия ұйымдарының мүшелері қараша айында Астанада өтетін республикалық форумға қатыспақ. Онда тұжырымдама жан-жақты талқыланып, соңғы нұсқасы қабылданады деп күтілуде. Мәулен Әшімбаев партияның «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ» аудандық филиалына қарасты бастауыш партия ұйымдарының басшылығымен кездесуінде осы мәселелерге ерекше назар аударды. Аталған филиал 2007 жылдың сәуір айында құрылған. Бүгінде ол мүшелерінің саны жағынан Қостанай облысында ең ірі филиал болып саналады. Мұнда қазіргі кезде 20 мыңнан астам партия мүшесі және 31 бастауыш партия ұйымы бар. Мәулен Әшімбаев кездесуде бастауыш партия ұйымдары жергілікті жерлердегі барлық партиялық жұмыстың негізгі орталығы болуы керектігін айтты. «Партиялық жаңғыру аясындағы басым бағыттарымыздың бірі - бастауыш партия ұйымдарын жандандырып, олардың жұмыс тиімділігін арттыру.

Соған орай Павлодар, Шымкент, Қарағанды және Ақтөбе қалаларында аталған ұйымдардың аймақтық форумдарын өткіздік. Онда ұйым өкілдері партиялық жаңғыруға қатысты өз ойларын айтып, түрлі ұсыныстарын жолдады. Оның барлығы алдағы қараша айында Астанада өтетін республикалық форумда кеңінен талқыланып, пысықталады. Жалпы біз бастауыш партия ұйымдарының жұмысын қашанда жоғары бағалаймыз. Себебі, бұл ұйымдар халықтың тікелей ортасында жүріп, сайлаушылармен тығыз байланыста жұмыс істейді. Сондықтан Елбасы, партия Төрағасының алдымызға қойған міндеттерін жүзеге асыруда Сіздерге үлкен жауапкершілік жүктелетіні сөзсіз. Сол мақсаттарға жету үшін әрқайсымыз белсенді жұмыс істейік», - деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар партия Төрағасының Бірінші орынбасары аталған филиалдың жұмысына ризашылығын білдіріп, алдағы міндеттерге де назар аударды. «Елбасының тапсырмасы бойынша біз партия қызметін жаңғырту арқылы еліміздің заманауи, тиімді, жоғары технологиялы саяси ұйымы ретінде қалыптасуымыз керек. Бүкіл әлем өзгерістерге ұшыраған кезеңде біз де қазіргі заманның үрдістеріне бейімделуге тиіспіз. Жақтастарымызға өз идеяларымызды түсіндіруде жаңа тәсілдерді қолданып, озық халықаралық тәжірибелерді ескеруіміз қажет. Сол арқылы Елбасының сенімді саяси тірегі және еліміздің жетекші саяси күші болып қалуымыз керек, - деді Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ ол Елбасының барлық бағдарламалары мен бастамалары партияның басты миссиясы болып саналатынын айтып, «Нұр Отанның» осы бағыттағы жұмысын тілге тиек етті. Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, партия «Цифрлы Қазақстан», «Рухани жаңғыру» бағдарламаларының жүзеге асырылуы мен шағын және орта бизнесті дамытуға үлес қосу мақсатында бірқатар тың жобаларды табысты жүзеге асыруда. Елбасы Саяси кеңес отырысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Нұр Отанның» идеологиялық платформасы болуы керектігін айтқан болатын. Сондықтан аталған бағдарламаның партия үшін маңызы жоғары. Осыған орай Мәулен Әшімбаев Қостанай облысындағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі өңірлік жобалық кеңсесінің жұмысымен арнайы танысты.








хат жіберу