Блог статистикасы
196
Жазбалар
2859
Өтініштер
135720
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 6 Апреля 2018

Өлкетану материалдары сандық жүйеде

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында «Әлеуметтік саланы цифрландыру» кіші бағдарламасы іске асырылмақ. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары М. Мырзалиевтің төрағалығымен өткен цифрландыру жөніндегі кеңес барысында белгілі болды. Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақовтың айтуынша, биыл осы мақсатта 2 жоба қолға алынды. Оның бірі мәдени іс-шараларға онлайн билет сату жүйесін енгізу болса, екіншісі – «Қостанай облысы: тарих, адамдар, оқиғалар» толықмәтінді деректер базасы.

- Бүгінде облыстағы мәдени мекемелер, атап айтқанда қазақ және орыс драма театры, облыстық филармония Қазақстандағы ірі онлайн билет сату қызметі – «Ticketon.kz» арасында келісім-шартқа қол қойды. Сол себепті қызметкерлер аталған жүйеде жұмыс істеу үшін арнайы оқу курстарынан өтті. 2018 жылдың бірінші тоқсанында-ақ, 113 билет онлайн сатылды, - деді Ерлан Қалмақов өз баяндамасында.

Мәдениет басқармасы ұсынған тағы бір жаңашылдық – толықмәтінді электронды ресурстарды пайдалану. Л.Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана базасында «Қостанай облысы: тарих, адамдар, оқиғалар» жобасы жүзеге асырылады.

- Толықмәтінді мәліметтер базасы пайдалану арқылы мерзімді басылымдар, кітаптардың электронды нұсқасына қол жеткізуге болады. Бұған қоса өлкетану материалдары сандық жүйеге көшіріледі. МәліметтерPDF форматында қолжетімді. Бүгінге дейін 3000-дай құжат көшіріліп алынды. Кітапханашылар өлкетану құжаттарын, газет архивтерін республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйеге («РАБИС») енгізеді. Мұнан соң кез келген адам өздеріне қажетті ақпараттарды қарап, жүктей алады, - деді Ерлан Болатұлы.

Басқарма басшысы айтқандай, заманауи қазақ мәдениетін таныстыру бойынша бірнеже жоба жоспарға енді. Осы саладағы жұмыс биыл жалғасын табады.




хат жіберу