Блог статистикасы
195
Жазбалар
3850
Өтініштер
162030
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 12 Декабря 2018

Елбасы ет комбинатын іске қосты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Индустрияландырудың екінші бесжылдығы: Қазақстанда жасалған» атты жалпыұлттық телекөпір барысында Арқалық қаласындағы ет комбинатын іске қосты.

«Қазақстан тарихында тұңғыш рет мемлекет қолдауымен Торғай өңірінде ет өңдеу кешені тұрғызылды. Кәсіпорын жылына 3 мың тонна ет өңдеуге дайын. Алдағы уақытта қуаты жылына 5 мың бас болатын мал бордақылау алаңын саламыз. Осылайша, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстарында өңіраралық кооперация аясында ет кластерін дамытатын боламыз. Құрметті президент, ауыл шаруашылығы мамандарының кезекті рет қолдап, осы саладағы үш жаңа жобаны іске қосуға рұқсат етіңіз», — деді "Торғай Ет" ЖШС директоры Расул Мұқанов.

«Қазақстан үшін ауыл шаруашылығы үлкен саланың бірі. Болашақта үлкен үміт күттіретін өндіріс. Менің ылғи айтып жүргенімдей, Қазақстанның жері де кең, мүмкіндігі де бар. Кен байлығы ғана емес, жер үсті байлығы да жеткілікті. Егерде біз осы өндірісті ұлғайтатын болсақ, экспорттық жағдайымыз күшейеді. Қазақстанға түсетін қаражат көбейеді, елдің байлығына жұмыс істейтін болады. Сондықтан мына үш өндірістің үшеуі де өте қажет. Әсіресе, қазір жағдайы қиындап тұрған Торғай облысындағы (өңірі – авт.) іске қосылған зауыт елге жұмыс беріп, біраз адамды қуантқан шығар деп ойлаймын. Ет те, сүт те, өңдеу де қажет. Өте жақсы жұмыс істедіңдер, тындырдыңдар. Рахметімді айтамын. Іске қосайық!» — деп рұқсатын берді елбасы.

Айта кетейік, аталмыш ет комбинатын салуға 2 млрд теңге қаржы жұмсалды. Ол үш ірі цехтан тұрады. Бірінде мал сойылады, екіншісінде шұжық өнімдері, үшіншісінде қалбырдағы бұқтырылған ет дайындалады. Тәулігіне 10 тонна өнім дайындайтын қуаты бар. Толық қуатында жұмыс істегенде күніне 3 тонна бұқтырылған ет, 3 тонна шұжық өнімдері және 4 тонна сапалы ет дайындайтын болады. Әзірге 60 адам жұмыспен қамтылып отыр. Өндіріс толық қуатына көшкен кезде жұмысшылар санын 120-ға жеткізу жоспары бар. Ал келер жылы салынатын мал бордақылау алаңына 1 млрд қаржы бөлінгелі отыр.


хат жіберу