Блог статистикасы
195
Жазбалар
3539
Өтініштер
150027
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 6 Ноября 2018

Қостанай облысы республиканың жетекші агроөнеркәсіптік өңірі болып табылады

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен пресс-конференцияда Қостанай облысының әкімі А. Б. Мұхамбетов БАҚ журналистерін агроөнеркәсіп кешенінің дамуы туралы хабардар етті. «Облыс республиканың жетекші агроөнеркәсіптік өңірі болып қала береді және қалады – деді Архимед Бегежанұлы, - және де «елдің астық себетіне» лайықты үлес қосады». Ол дәнді және майлы дақылдарды терең өңдеу бойынша ауыл шаруашылығы хабын құруға назар аударды.

Жобаның бірінші кезегінің жалпы құны 112 млрд. теңгені құрайды және 600 мың теңгеге дейін сақталатын элеватор құрылысын, жаңа өнім шығаруды қарастырады: глютен, крахмал, сондай-ақ жылына 100 мың тоннаға дейінгі ұн, 120 мың тонна өсімдік майы және 1 млн. тонна құрама жем.

Сондай - ақ, облыс басшысы өңірдің міндеті - шикізат экспортынан қымбат тұратын дайын ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауға көшу екенін атап өтті. Бұл үшін егіс алқаптарының құрылымы әртараптандырылады, өндіріс жаңғыртылады және жаңа кәсіпорындар іске қосылады.

Жалпы индустрияландыру жылдары облыстың АӨК-де құны 78,5 млрд.теңгеден асатын 205 инвестициялық жоба іске асырылды, 4 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды.

хат жіберу