Блог статистикасы
195
Жазбалар
3539
Өтініштер
150019
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 6 Ноября 2018

Қостанай облысы аөк саласына сандық технологияларды табысты енгізуде

«Қостанай облысы елдегі астықтың жалпы көлемінің 22% - ын өндіреді. Сондықтан, «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында облыс ауыл шаруашылығын сандық жүйеге енгізу бойынша «Пилоттық жоба» ретінде анықталды» - деп хабарлады Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Архимед Мұхамбетов журналистердің назарын Ақылды сүт және ет фермаларын, дәл егіншілік жүйесін енгізуге аударды.

«Ақылды ет фермасы» жобасы «Қостанай облысының ет кластері» жобасының операторы болып табылатын «Терра» ЖШС ірі және технологиялық дайындалған фермалардың бірінің базасында іске асырылады. Жалпы мал басы 9 мың ірі қара мал басын құрайды. Қазіргі уақытта шаруашылықта RFID (Ерефайди) технологиясы, азықтандыруды бақылау жүйесі, тиімсіз жануарларды іріктеу, ұшқышсыз ұшу аппараты сияқты сандық элементтер енгізілген. Экономикалық әсер бір жыл ішінде 122 тонна ет қосып, азықтан 10% үнемдеу болып табылады.

«Ақылды сүт фермасы» жобасы «Олжа Садчиковское» ЖШС мал шаруашылығы кешенінің базасында 770 бас сауын табынына жүзеге асырылады. Ағымдағы жылдың сәуірінде ІҚМ-ның физиологиялық жай-күйі мен PH-ортасын, аналық мал басын уақтылы ұрықтандыруды және оның өнімділігін бақылауға мүмкіндік беретін Австриялық Smaxtec автоматтандырылған жүйесі енгізілді. Осы іс-шаралардың әсері жыл қорытындысы бойынша бір жемдік сиырдан 6 тоннадан 7 тоннаға дейін сүт саууды ұлғайтып, бұзаудың 100 аналықтан 70-тен 90 басқа дейін шығуын ұлғайтады.

«Дәл егіншілік жүйесін енгізу» жобасы екі «пилоттық кәсіпорындарда («Садчиковское» ЖШС және «Трояна» ЖШС) енгізілуде. Тәжірибелік алқаптардың картограммасы жасалды, онда себу кезінде минералды тыңайтқыштар сараланған және тұқым себу жүзеге асырылды. Қатарлас жүргізу технологиясын енгізу бойынша техникалық парк жаңғыртылды, ЖЖМ есепке алу және техниканы ауыстыру датчиктері орнатылды. Астық өнімділігінің, ылғалдылығының, бастырылуының онлайн мониторингі жүйесін енгізумен жинау техникасы қайта жарақтандырылды.

Қосымша, облыста жануарларды чиптеу және электрондық эпизоотиялық (жануарлар індеті) карталарын жасау технологиясы енгізілуде.

 

хат жіберу