Блог статистикасы
195
Жазбалар
3619
Өтініштер
153474
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 24 Сентября 2018

Қостанай облысы жаңа жылыту маусымына толықтай әзір

Қостанай облысы биылғы қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінде өткен аппарат жиналысында Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Алмат Исенбаев мәлімдеді. Алдағы екі аптаның ішінде Қостанайға жылу беру басталады. Биылғы қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстары аяқталуға таяу.

Тек астық жинау науқанына байланысты электр құрылғыларының жөндеу жұмыстары ғана кешеуілдеп тұр. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Алмат Исенбаевтың айтуынша, өңірдегі 102 жылыту қазандығы мен 741 автономды жылыту жүйесі сақадай сай. «20 шақырым жылу және 115 шақырым су құбыры мен кәріз желілері жөнделді. Қостанайдағы барлық білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік нысаны мен 2643 көп қабатты тұрғын үйі толық әзір. Гидравликалық сынақтар кезінде жарылған жылу құбырларындағы ақаулар қалпына келтірілді. Тек Қостанайдың Алтынсарин көшесіндегі жөндеу осы аптаның соңғы жұмыс күніне дейін аяқталады. Даладағы ауа температурасы үш тәулік бойы +10°С көрсетсе, жылу беріледі.

Ал қазіргі орташа температура +13°С. Сондықтан жылу желілерін іске қоса алмаймыз», - деді А.Исенбаев. Облыс әкімі жылыту маусымы барлық аудан-қалалардың басшыларының назарында болсын деді. Қазір өңірде биылғы қысқа 485,4 мың тонна көмір жағылады деп жоспарланса, оның 443 мың тоннасы әкелінді. Ал 63,7 мың тонна көмір халыққа сатылмақ. Архимед Мұхамбетов қалған тасымалдау жұмыстарын кешеуілдетпеуді тапсырды. «Облыс орталығынан шалғай аудандарға көмірдің уақтылы әрі жеткілікті мөлшерде жеткізілуін назарда ұстаңыздар. Отынның сапасын тексеріп, жіті мән беріңіздер. Тағы бір мәселе, тұрғындардың жылу-энергетикалық мекемеге өткен жылдан қалған берешегі әлі бар. Қарызды қайтару жұмыстарын тездету керек», - деді аймақ басшысы. Айта кету керек, облыс орталығында жылуға қарыз 394 млн теңгеден асады, бұл көрсеткіш өткен жылғыға қарағанда, 30 млн-ға жуық теңгеге артқан. Жітіқара мен Лисаковтың әрқайсысында берешек 39 млн-нан асса, Әулиекөл ауданы тұрғындары 2,7, ал Таран ауданы 3,5 млн теңге қарыз болып отыр.


хат жіберу