Блог статистикасы
195
Жазбалар
3539
Өтініштер
150027
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 6 Ноября 2018

Қостанай облысы өңірге белсенді инвестиция тарту үстінде

Бұл туралы Астана қаласында өткен Орталық коммуникациялар қызметінің пресс - конференциясында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов мәлімдеді.

«Өңір экономикасына 10,6% өсіммен 166,1 млрд. теңге инвестиция салынды, - деді әкім, - бұл ретте сыртқылар өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,8 есеге артық тартылды».

Жалпы, облыс экономикасының дамуы инвестициялық жобаларды іске асырумен байланысты. Барлығы 2,2 трлн. теңгеге 40 жоба, оның ішінде 1,4 трлн.теңгеге шетел қатысатын 13 жоба пысықталуда.

Аймақ басшысы бұл жобалар негізінен облыс үшін қажетті инфрақұрылым құрылатын «индустриялық аймақта» жүзеге асырылатынын хабарлады. Сонымен қатар оны толтыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінгі күні оның аумағында 2 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 1,2 трлн. теңгеге 11 жобаны орналастыру жоспарланып отыр.

Қазірдің өзінде «индустриялық аймақ» аумағында ресейлік инвестор «Композит групп» холдингі үшін құрастыру цехы салынды, онда «Беларус» тракторларын және тоңазытқыш жүйелерін шығару бойынша өндіріс орналастырылған.

Одан әрі кеңейту және оқшаулау деңгейін ұлғайтуды ескере отырып, жоба бойынша инвестиция сомасы шамамен 15 млрд.теңгені құрайды, қуаты – жылына 3000 трактор.

Өңірде екінші жыл қатарынан «Kostanay Invest» инвестициялық форумы өтіп жатқанын айта кету керек, ол өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері мен экспорттық әлеуетін ашып көрсетеді.

Ағымдағы жылы форумға 9 елдің өкілдері келді, 251 миллиард теңгеден астам сомаға ынтымақтастық туралы 19 меморандумға қол қойылды, оның ішінде Hangteng Auto Co. Ltd. (Қостанай облысының аумағында жеңіл автомобильдер өндірісін ұйымдастыру), «Bio Grain» ЖШС-мен (ауыл шаруашылығы дақылдарын қайта өңдеу бойынша қазіргі заманғы кешен), «Композит Групп» холдингімен (Қостанай қаласының индустриялық аймағының аумағында «Беларус» тракторларын өндіруді ұйымдастыру) және т. б.


хат жіберу