Блог статистикасы
196
Жазбалар
2840
Өтініштер
135602
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 14 Декабря 2017

ССКӨБ ұжымы Тәуелсіздік күнін жаңа еңбек жетістіктерімен атап өтті

ССКӨБ ұжымы Тәуелсіздік күнін жаңа еңбек жетістіктерімен атап өтті

Еуразиялық топ (ERG) құрамындағы «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ (ССКӨБ) 24 қызметкері кәсіпорынның қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі үшін «Еңбек ардагері» медальдарымен, «Кенші даңқы» және «Еңбек даңқы» төс белгілерімен марапатталды. Марапаттар ҚР Тәуелсіздігінің 26 жылдығына арналған еңбек ұжымының салтанатты жиналысында табысталды.

Бүгін «Горняк» мәдени орталығының акт залында ССКӨБ еңбек ұжымының үздік өкілдері жиналды. Кәсіпорын Президенті Береке Мұхаметқалиев қатысушыларды мерекемен құттықтап, кәсіпорынның 2017 жылғы жұмысына қорытынды сипаттама берді. Көрсеткіштерге сүйенсек, жұмыскерлер жоспарды 100% орындады. Жыл соңына дейін 57 млн. текше метрден жоғары аршу жүмыстары жүргізілетін болады. 11 млн. тонна концентрат  және 4 млн. тоннадай шекемтас алынады. Толығымен алғанда сатып алушыларға 10 млн. тоннадан жоғары тауарлық темір кеннің өнімі тиелетін болады. Келесі жылы көлемді 12 млн. тоннаға дейін арттыру жоспарлануда.

Кеншілердің жемісті жұмыс істеп, жайлы өмір сүруіне қолайлы жағдайлар жасалуда. Еуразиялық Топ кәсіпорындарының бірі ССКӨБ-тің әлеуметтік саясаты кеншілердің әл-ауқатын арттыруды көздейді. 2020 жылға дейін өңірлерді дамыту Бағдарламасының аясында IV топтағы қатысушылардың сатып алуы арқылы жалдамалы тұрғын үйді сату бойынша «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы ИҰ» АҚ арасында жасалған Келісімге және Еуразиялық Топ (ERG) кәсіпорындарының жұмыскерлеріне арналған Тұрғын үй Бағдарламасына сәйкес Рудныйда 75 және 90 пәтерлік қос үй салынды. «ССКӨБ» АҚ жұмыскерлері үшін алғашқы рет Сосновый борда шаңғы демалыс базасы ашылды. Туристік демалыс базалары түрленді.  Барлығы жеті турбазаны күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда. Кадрларды даярлау оқу орталығының базасында ауқымды жұмыс жүргізілуде. Әртүрлі тренингтер мен семинарлар кәсіби қызметтің көптеген мәселелері бойынша біліктілікті жоғарылатуға ықпал етеді. Биылғы жылы ашылған «Көшбасшылар мектебі» өз қорытындыларын жасады, ай сайын «Идеялар фабрикасы» жобасының үздік ұсыныстары айтылады. Бұл кәсіпорынның әлеуметтік жұмысының тілге тиек етілген тек бірқатар бағыты ғана.

– Құрметті ССКӨБ жұмыскерлері, бірлестік ардагерлері, жастар! Сіздерді  мемлекетіміздің Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Шын жүректен Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт тілеймен, - деген мерекелік тілекпен ССКӨБ президенті Береке Мұхаметқалиев өз сөзін аяқтады.

хат жіберу