Блог статистикасы
195
Жазбалар
3169
Өтініштер
139027
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 2 Августа 2018

Қостанайда теледидар шығаратын зауыт салынады

Қостанайдағы Индустриалды аймақта  Қытай Халық Республикасының НКС Corporation Limited компаниясы жетекшілеріне облыстың инвестициялық тартымдылығы және инвесторларды мемлекеттік қолдау шаралары таныстырылды. Жиынға облыс басшысы Архимед Мұхамбетов пен НКС Corporation Limited компаниясының вице-президенті Ли Джин қатысты. Сонымен, қытайлық компания Қостанай қаласындағы Индустриялық аймақта теледидар шығаратын зауыт салу жобасын қарастыруда. Олар бастапқы кезеңде 20 млн доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр. Аталған зауыттың өндірістік қуаты жылына 600 мың дана болмақ. Алдағы уақытта 500 шақты жұмыс орны ашылуы мүмкін. «Қостанай облысы - Қазақстандағы біз инвестиция салғалы отырған алғашқы өңір. Қостанай Ресей Федерациясымен іргелес, сондықтан Кеден одағының мүмкіндіктері есепке алынып отыр. Бір жағынан ТМД нарығына шығуға да қолайлы. Жоспарымыз бойынша, зауыттың жылдық сауда көлемі 400 млн доллардай болады деп күтіледі. Өнім саудасының мақсатты нарығы ТМД елдері болып отыр», - деді Ли Джин.

Жиында қытайлық меймандарға Қостанай облысы жайында жан-жақты ақпарат берілді. Географиялық, әлеуметтік, экономикалық жағдайымыз және Индустриялық аймақтың жұмысы, атқарылған, таяу келешекке құрылған ауқымды жоспарлар таныстырылды. «Қостанай - аграрлы өңір, елдің егін шаруашылығының төрттен бірін қамтиды. Инвесторлармен әріптестік орнату, бірлесе жұмыс істеу жағынан тәжірибеміз бар. Бұған дейін де қытайлық компаниялармен бірлесіп өндірістік желілерді іске қостық. Әріптестік нәтижесіз емес. Сыртқы нарыққа шығу мүмкіндігіне иеміз, әсіресе Ресеймен көршілес орналасуымыз экспорттық жағынан тиімді. Бастысы, корпоративтік салық көлемі бұл елдікімен бірдей. Ал сіздердің компанияларыңыз туралы жақсы хабардармыз. Өнімділік 600 млн дана болса, елімізді де, Ресей нарығын да қамти алмақпыз», - деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов. Аймақ басшысы қытайлық компания жетекшілеріне өзара әріптестік қатынасқа қашанда дайын екендігін жеткізді. Ал меймандар, бәрі жоспардағыдай болса, келер жылы-ақ зауытты іске қосуға ықылас танытты. Тек зауыт құрылысын қай тарап міндетіне алатынын компания өз ішінде кеңеспек, бұл жұмыстар бірлескен түрде жүзеге асуы да әбден мүмкін.

Еске сала кетейік, қытайлық компания басшылығын облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев бастаған делегация 16-21 шілдеде Бейжің қаласына жасаған іссапары барысында Қостанайға шақырған болатын.








хат жіберу