Блог статистикасы
195
Жазбалар
3165
Өтініштер
138724
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 6 Февраля 2018

Әкім сасық ауызсу туралы: Мәселе 10 жылдан бері көтеріліп келеді

Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыповтың тұрғындарға есеп беру жиынында облыс орталығындағы ауызсу мәселесі сөз болды.

Қостанай тұрғындары коммуналдық кәсіпорындардың жұмыстарын сынға алды. Олар әкімдіктен ауызсудың сапасын үнемі қадағалап тұруды сұрайды. Сондай-ақ, қыс ортасынан бастап ауыз судың түсі сарғыш тартып, жағымсыз иіс шығып, дәмі өзгеріп кеткендігін жеткізді. «Расын айту керек, ауыз су сапасы нашар. Тат басқан ыстық су мен хлордың иісі шығып тұратын салқын суды қалай пайдаланамыз? Су қалыпқа келгенше шүмекті бірнеше уақыт бойы ашып қою керек. Ал, босқа ағып тұрған судың ақшасын кім төлейді? Әкімдіктен кезекшілік ұйымдастырып, коммуналдық мекемелердің жұмыстарын бақылауларыңызды сұраймыз», - деді қала тұрғыны Владимир Захарченко.

Тұрғынның сауалына жауап берген облыс әкімі Архимед Мұхамбетов таяуда су тазартқыш стансасының орнатылатынын айтты. «Ауыз судың сапасы туралы қала тұрғындарының айтып жүрген сөздерін жоққа шығара алмаймыз. Иә, судың түсінде де, дәмінде де өзгеріс бар. Бірақ, бұл мәселе ондаған жыл бойы көтеріліп келеді. Себебі, Қостанай қаласы ауыз суды су қоймасынан алады. Биылдан бастап бұл мәселе шешілуі тиіс. Осы уақытқа дейін ескі су сорғыштар мен құбырларды пайдаланып келдік. Енді заманауи су тазартқыш стансасын орнатуды жоспарлап отырмыз. Оған бюджеттен 4 млрд теңге қарастырылған. Алдағы жартыжылдықта жобалық-сметалық құжаттары әзірленеді. Кейін жобаны арнайы сараптамадан өткіземіз», - деп түсіндірді облыс әкімі. Жиында белгілі болғандай, ауызсу ақысын төлеу жолы жеңілденді. Өйткені, орталықтағы Әл-Фараби көшесінде бірыңғай коммуналдық төлем орталығы ашылды. Мұндай орталықтар басқа да мөлтек аудандарда орналастырылады.


хат жіберу