Блог статистикасы
195
Жазбалар
3169
Өтініштер
139027
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 8 Августа 2018

Облыстың білім мекемелеріне 7 млн теңгеден астам қаражат бөлінді

Биыл облыста жаңа оқу жылына дейін 7 білім мекемесі күрделі жөндеуден өтуі тиіс. Аманкелді ауданындағы Ә.Боранбаев мектебіндегі күрделі жөндеу осы аптада аяқталады. Қостанай ауданындағы орта мектеп пен Арқалық қаласындағы Б.Майлин атындағы мектеп 25 тамызға дейін тапсырылады. Облыстық білім беру басқармасының басшысы Бәтима Даумованың айтуынша, биыл күрделі жөндеу жұмыстарына бөлінген қаржының жалпы сомасы - 727,8 млн теңге. «Қостанай политехникалық жоғарғы колледжіндегі жөндеу жұмыстары біраз еңсеріліп қалды.

Бүгінде оқу мекемесінің шеберханаларын, спорт залы мен мәжілісханасын жаңартылып жатыр. Колледждегі жөндеу жұмыстары 10 желтоқсанда толық аяқталады», - деді басқарма басшысы кеңейтілген актив отырысында. Күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан білім нысандарының алтауы белгіленген мерзімде тапсырылады. Дегенмен, Қарабалық ауданының Боскөл орта мектебінде жұмыс тұралап тұр. Мектепті жөндеуге «Жұмыспен қамту картасы-2020» бағдарламасы бойынша 344 млн 800 мың теңге бөлінген. 2018 жылға дейін 53 млн теңге қаражат игерілгенімен, мердігер банкротқа ұшырап, жұмыс тоқтап қалған. «2 тамызда жаңа мердігермен келісімшартқа отырдық. Күрделі жөндеу 10-қыркүйекте аяқталады. Алайда бұл оқу процесіне кедергі келтірмейді. Сабақ өз уақытында басталады. 1-4 сынып оқушылары мен мектепке дейінгі дайындық тобы Боскөл бастауыш мектебінде түстен кейін оқитын болады. Ал 5-11 сыныптар ауылдық әкімдік ғимаратында 2 ауысымда оқи тұрады», - деді Б.Дауымова.

Жалпы, өңірде 129 білім мекемесіне ағымдағы жөндеу жүргізіліп жатыр. Бұл мақсатқа аудан және қала бюджеттерінен, сондай-ақ демеушілер қаржысынан 420 млн теңге бөлінген. Басқарма басшысы айтқандай, облыста жалпы білім беретін мектептердің саны мен сапасы сай емес. Сондықтан биылғы жаз аудан әкімдіктерінің шешімімен 5 мектеп жабылып, 7 мектеп ортадан негізгіге және негізгіден бастауышқа көшкен. Бұған дейін облыста 514 мектеп жұмыс істеп келсе, қазір оның 509-ы қалған. Оның 345-і шағын кешенді. Мемлекеттік тілде оқытатын 122 мектеп бар.

Облыс мектептерінің оқулық мәселесі де шешіліп қойған. Биыл шәкірттерді оқулықпен және оқу-әдістемелік құралдарымен қамтуға облыстық бюджеттен қомақты қаржы бөлінген. Өңірлік білім бөлімдерінің барлығы баспаханалармен келісімшартқа отырған. Оқулықтардың қай күні жеткізілетіні 15 тамызға дейін белгілі болады.




хат жіберу