Блог статистикасы
195
Жазбалар
3414
Өтініштер
146751
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 30 Июля 2018

Облыста күн мен жел энергиялары қалай қолданылып жатыр

Қостанай облысында EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінде ұсынылған жобалардың бірқатары тиімді жүзеге асырылуда. Бұл туралы бүгін облыс әкімдігі аппаратында өткен аппараттық жиналыс барысында облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев мәлім етті.
Облыста 1,3 млрд теңгеден астам сомаға 13 жоба іріктеліп алынды, олардың алтауы іске асырылса, 7 жобаға байланысты тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. «Жүзеге асырылған алты жоба Таранов ауданында энергия үнемдейтін жылу жабдықтары, Қостанайдағы Болотов жел роторлық турбинасы, Лисаков қаласындағы күн аккумуляторлары. Сондай-ақ, Наурызым ауданында саябақты жарықтандыратын жел-күн электр стансасы, Әулиекөл ауданындағы күн сужылытқыштары және Денисов ауданындағы гибридті жел электр стансасы бар. Ол 2018 жылдың мамырында орнатылған. Электр энергиясын үнемдеу жылына 110 мың теңгені құрайды», - деп хабарлады облыс әкімінің орынбасары. Қазір 7 жоба жүзеге асырылып жатыр. Олардың бірі - Қостанайда JAC электромобильдерінің өндірісі. «Төртінші және бесінші жобалар - Лисаков пен Арқалықтағы энергия және газ өндірісі. Бұл жоба сәтті жүзеге асырылса, «Лисаковскгоркоммунэнерго» ұйымы айына 3,3 млн теңге газды үнемдемек. Алтыншы жоба - Қамысты ауданындағы қуаттылығы 3 кВт құрайтын жел-күн электр стансалары. Ол 2018 жылы желтоқсанға дейін орнатылмақ. Жетінші жоба - Қостанай ауданында жағажайдың бойына «СМАРТ орындықтар» орнату», - деді М. Мырзалиев.




хат жіберу