Блог статистикасы
196
Blog
2537
Апелляциялық
106491
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 17 Августа 2017

«Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» өңірлік конкурстың қорытындылары

Ағымдағы жылғы 29 маусымда үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті. Конкурсқа қатысуға  келесі үкіметтік емес ұйымдар 22 өтініш ұсынды: «Мүгедектердің Рудный қалалық ерікті қоғамы» ҚБ, «Үміт-Надежда» ҚБ, «Социум и я» ҚБ, «Мүгедектердің Қостанай қалалық ерікті қоғамы» ҚБ және т.б.

«Мүгедектердің Рудный қалалық ерікті қоғамы» ҚБ «ТРУД ВСЕМ» жобасы комиссия мүшелерімен бір ауыздан үздік жоба деп танылды.

2016 жылы «Мүгедектердің Рудный қалалық ерікті қоғамы»                           ҚБ Қазақстандағы  БҰҰ дамыту бағдарламасы бойынша грант жүлдегері атанды. Бұл бағдарлама шеңберінде шағын техниқалық қызмет көрсету станциясы және көлік жуу жабдықтары сатып алынды. Жобаның құны –         1 490,2 мың теңге. Мұндай жоба біздің облысымызда бірінші рет іске асырылғанын айта кеткен жөн.   

Шағын ТҚҚС аумағында көлік жуу бар. 

Шағын ТҚҚС және көлік жуу жұмыс істеген уақыттан бастап көліктерін жөндеу жөніндегі қызметті 65-тен артық адам пайдаланды, оның 15-і – мүмкіндігі шектеулі адамдар. Бүгінгі күні 16 мүмкіндігі шектеулі адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 2-і – арбадағы мүгедек. Бұл қызмет тұрғындар арасында, оның ішінде мүгедектер үшін тегін көрсетіледі.

Осылайша, «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» республикалық байқауда «ТРУД ВСЕМ» жобасымен «Мүгедектердің Рудный қалалық ерікті қоғамы» ҚБ  Қостанай облысының өкілі болады.

Ағымдағы жылғы 14 тамыздан бастап бір ай ішінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында бейне-роликтер орналастырылып, «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» республикалық көрменің жеңімпаздары» атағына интернет дауыс беру ұйымдастырылды.    

Дауыс беру кезеңі - ағымдағы жылғы 14 тамыздан 14 қыркүйекке дейін (ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында http://www.enbek.gov.kz/ru/node/345748 сілтеме бойынша әлеуметтік жобалардың үздік авторына дауыс беруге болады).

«ТРУД ВСЕМ» жобасына дауыс беруге шақырамыз.

«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ

хат жіберу