Блог статистикасы
196
Blog
2537
Апелляциялық
106398
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 6 Ноября 2017

«Білім ұйымының таңдаулы қолдаушысы» атты байқауының қорытындысы

«Білім ұйымының таңдаулы  қолдаушысы» атты байқауының қорытындысы

 2017 жылдың 3 қарашасында облыстық «Білім ұйымының таңдаулы  қолдаушысы» конкурсының қорытынды шарасы өткізілді.  «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қостанай облыстық ұйымы» ҚБ жариялаған конкурсқа Қостанай облысының түкпір түкпірінен көптеген меценаттар қатысты.

         - Осы конкурсты өткізу идеясы Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасынан  туындады, - деді білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қостанай облыстық ұйымының төрайымы Ділдәбекова З. Қ.                                                                                                                                              - Біз туған жерімізге қолдау мен әлеуметтік салымдардың әртүрін табуға міндеттіміз. «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық отансүйгіштіктің негізі болады. Ұлкен Отанға деген махаббат кіші отанға деген махаббаттан басталады, - деді Ел басы.     Президентіміздің осы сөздері облыстың іскер адамдарының арасында белсенді қолдау тапты.                                    

         Конкурстың мәресіне 20 меценат жетті. Ауыл, қала балаларының болашағына, жерлестерінің денсаулықтарына, рухани байлықтарына немқұрайлы қарамаған ауқатты адамдар қаражаттарын төгіп жүр. Сол ақшалай және басқа көмектердің арқасында мектептерде ұстаздар мен оқушыларға қолайлы жағдайлар жасалып, тегін тамақтану ұйымдастырылып, жаз маусымында туған елді аралауға мүмкіндік туып жүр. «Жақсының жақсылығын айт - мерейі өссін» -  демей ме қазақ халқы? Конкурс осы жомарт адамдарды білім беру саласының қауымдастығына таныту, оларға алғыс білдіру мақсатымен  ұйымдастырылды.

         Салтанатты шарада жеңімпаздар әр түрлі номинациялар бойынша облыстық кәсіподақ ұйымының арнайы естелік жүлделері және алғыс хаттарымен құрметтелді:

 

«Меценаттар биігіне көтерілу» номинациясы бойынша

 

1. Мущинский Александр Викторович - «A. V. M. Motortechnik» ЖШС, Қостанай қаласы.

2. Шәуенова Сәуле Бақтаевна - «Ютария» жеңіл өнеркәсіп компаниялары тобының директоры, Астана қаласы.

3. Абрамян Артур Сурикович -  «Ван» ЖШС директорының орынбасары, Қостанай ауданы.

4. Еркеев Бауыржан Шакирович - «Бренд» ЖШС директоры, Жітіқара қаласы.

 

«Туған жерге туың тік» номинациясы бойынша:

1. Ахметов Таңатар Қабдуәлиевич - «Нарбай» жеке қожалығының басшысы, Аманкелді ауданы

2. Сафаргалиев Асхат Надымұлы - жеке кәсіпкер, Жанкелді ауданы.

3. Мұқанов Абай Қоспанұлы - «Алюминстрой» ЖШС бас директоры, Арқалық қаласы.

 

«Жүректен жүрекке» номинациясы бойынша

1. Қажиев Серік Қабыланович - «Рамазан - Қарасу» ЖШС, Қарасу ауданы

2. Көпбаев Ерболат Серікұлы - «ССКБО» АҚ экология және жер қойнауындағы байлықты  пайдалану департаментінің басшысы, Рудный қаласы.

3. Омаров Меңдібай Ерғалиевич - «АБЗ плюс» ЖШС, Сарыкөл ауданы.

 

«Білім ұйымының таңдаулы қолдаушысы» конкурсының жеңімпаздары

1. Бородин Александр Иванович - «Зуевка» ЖШС директоры, Алтынсарин ауданы

2. Даниленко Олег Владимирович - «Агрофирма Диевская» ЖШС директоры, Әулиекөл ауданы.

3. Шерер Николай Николаевич - «Фрунзенское» ЖШС директоры, Денисов ауданы.

4. Бұқанов Сайран Балкенович - «Қарқын» ЖШС директоры, Меңдіқара ауданы.

5. Қарабаев Болат Жұмашевич - «Мирас» жеке қожалығының басшысы, Ұзынкөл ауданы.

6. Емельянов Андрей Вячеславович - «Гранд» ЖШС директоры, Федоров ауданы.

7. Кулик Иван Илларионович - «Викторовское» ЖШС директоры, Таран ауданы.

8. Князев Борис Павлович - «Алтынсарино» ЖШС директоры, Қамысты ауданы.

9. Ихтиляпов Өміріұзақ Беккелдинович - «Шолақсай» ЖШС директоры, Наурзым ауданы.

10. Рау Альберт Павлович - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Қорытынды шараға жүлдегерлердің көбі қатысып, еңбектерін жоғары бағалап, осындай мереке ұйымдастырғаны үшін кәсіподақ обқомына алғыстарын жаудырды. 


хат жіберу