Блог статистикасы
196
Blog
2557
Апелляциялық
109359
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 21 Сентября 2017

«Kostanay Invest 2017» инвестициялық форум

Қостанайда «Kostanay Invest 2017» инвестициялық форумы өтті.

«Kostanay Invest 2017» - бизнес пен биліктің ашық диалогы, экономиканың төрт: ауылшаруашылығы, тау-кен металлургиялық, машина құрылысы және туристік саласы бойынша Қостанай облысына инвестициялау мүмкіндіктерін қарау үшін бірегей алаң. Форум кәсіпкерлер арасында тәжірибе алмасуға, қаланың бизнес-ортасын жақсарту мәселелерін талқылауға, сондай-ақ Қостанай облысының дамуы үшін ең таңдаулы инвестициялық жобаларды ұсынуға  арналған тұғырнама іспеттес.

Іс-шараға Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, ҚР Инвестиция және даму вице-министрі Ерлан Қайыров, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Асқар Баталов, Қазақстан даму банкі басқармасының төрағасы Болат Жәмішев, Қазақстандағы Азия Даму банкі өкілдігінің директоры Джованни Капанелли және Бүкіләлемдік банк өкілі Ералы Бексұлтан,  Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері, орталық мемлекеттік органдары, дипломатиялық корпус өкілдері, отандық, алыс және жақын шетелдік сарапшылар, бизнес-құрылымдары өкілдері, халықаралық ұйымдар басшылары және т.б. қатысты.

Қазіргі таңда Қостанай облысының әкімдігі өңірге инвестиция тарту бағытында жан-жақты жұмыстар атқарып жатыр. Өңірде бәсекеге қабілеттілік басымдықтарының деңгейін көтеру және облыстың инвестициялық климатын жақсартуға бағытталған қадамдар қарастырылған. Мәселен, өткен жылы сыртқы инвестициялардың жалпы көлемі 11,1 млрд теңгені құрап, көрсеткіш былтырғы жылға қарағанда едәуір артқан. «Kostanay-Invest 2017» қатысушылары ақпараттық турға да барды. Онда Рудныйдағы Соколов-Сарыбай кен өндіру басқармасы, «Жас-Қанат 2006» ЖШС, «Милх» ЖШС, «Баян Сұлу» ЖШС, «ЕвразКаспианСталь» ЖШС, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС өкілдері шет елдерден келген кәсіпкерлерге өз өнімдерін ұсынып, тәжірибе алмасты.

 Мұның сыртында, Форум алаңында танымал саясаткерлер мен экономистер, инвестициялық компаниялар, қаржы институттары өкілдері, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар басшылары сөз сөйлейді.

Форумның бағдарламасы: инвестициялық жобалар, тақырыптық панельдік сессиялар, инвестициялық жобаларды іске асыратын облыстың ірі кәсіпорындары бойынша ақпараттық тур сияқты іс-шаралар қамтылды.

Форумға қатысу ықтимал инвесторларға экономикалық, құқықтық және өңірдегі бизнесті жүргізудің өзге де жағдайларын зерделеуге, инвестициялық әлеуетпен танысуға, сондай-ақ ресми және іскерлік орта өкілдерімен  инвестициялық ынтымақтастық перспективаларын талқылауға мүмкіндік берді.

«Жыл басынан бері Қостанай облысына 113 млрд теңге инвестиция құйылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,5 млрд теңгеге көп. Үстіміздегі жылдың 8 айында өнім өңдеуші салаға жұмсалған қаржы 2,2 есеге өскен. Бүгінгі күні Қостанай өңіріне келген инвесторларға барлық жағдайды жасауға әзірміз. Бүкіләлемдік банк сарапшыларының қатысуымен біздің облыста «2018-2022 жылдарға арналған инвестиция тартудың жол картасы» бағдарламасының пилоттық жобасы жасалды», - деп атап өтті Қостанай облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев.

Сонымен қатар, форумда 200 млрд теңге болатын 26 меморандумға қол қойылды.




хат жіберу