Блог статистикасы
195
Жазбалар
3988
Өтініштер
165305
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 26 Февраля 2019

Жастар жылы айрықша назарда

Жастар жылы айрықша назарда

Облыс әкімдігінің кеңейтілген отырысында облыс әкімінің орынбасары М.Қ. Жүндібаев  жастар жылының шеңберінде өткізіліп жатқан және жоспарланған іс-шаралар туралы баяндады.

М.Қ. Жүндібаев  «Ел ертеңі – болашақ жастардың қолында!» Жол картасын іске асыру барысы туралы айтты.

Жол картасында барлық мемлекеттік құрылымдардың қатысуымен жүзеге асырылатын 78 іс-шара қарастырылған.
Облыс әкімінің орынбасары жастар бастамаларын қолдауға бағытталған жобалар туралы әңгімеледі.

 «2018 жылы Қостанай облысының аумағында «Zhas Project» Жастар корпусын дамыту жобасы іске асырылды. 492 жас іске асырған 143 жоба грандтық қаржыландыруды иеленді. Қаржыландырудың жалпы сомасы 230 млн. теңгеден астам құрады», - деп хабарлады М.Қ. Жүндібаев.

Сондай-ақ Марат Жүндібаев 2019 жылдың мамырында Жастар сарайының салтанатты ашылуында Қазақстан-Ресей жастарының ынтымақтастық форумын өткізу жоспарланып отырғандығын жеткізді. 

Қорытындылай келе, ол басымдықты бағыттың жас ұрпақты, атап айтқанда  NEET санатындағы (жұмыс істемейтін, оқымаған  және біліктілігін арттырмайтын), жан-жақты қолдауды қамтамасыз ету болып табылатындығын атап өтті.


хат жіберу