Блог статистикасы
195
Жазбалар
3624
Өтініштер
153950
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 5 Марта 2018

Облыс басшысы «Көктем-2018» аумақтық командалы-штабтық оқу-жаттығуымен танысты

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов облыстық шұғыл әрекет ету жасақтарының жоғары дайындығын тексерді. Қаламыздың өрт сөндірушілері, полицейлері мен құтқарушылары, коммуналдық қалыптастыру және жол кәсіпорындары «Ақ шаңырақ» мөлтек ауданы маңындағы алаңда сап түзеді.

Штаттан тыс жағдайларға қажетті техникалар да осында орналастырылды. Оқу-жаттығуға жалпы саны 123 адам қатысып, 42 бірлік техника түрі ұсынылды. Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Т.Кәкімов облыс әкіміне жасақтың су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайларға дайын екендігін жеткізді.

Аймақ басшысы жасақтың дайындық деңгейін жоғары бағалап, облыстың барлық апаттық қызметтері төтенше жағдайлар бола қалған жағдайда ТЖД бөлімшелерімен біресіп шұғыл әрекет етуге әзір екендігін атап өтті.

хат жіберу