Блог статистикасы
195
Жазбалар
4939
Өтініштер
197065
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Қоғамдық орындарда мініз-құлық әдебін сақтау

Ағымдағы жылғы 25 қазан күні облыс әкімі аппаратында қызметтік әдепті нығайту іс-шаралар жоспарын орындау шенберінде қоғамдық сарапшылардың қатысуымен «Қоғамдық орындарда мініз-құлық әдебін сақтау» семинар-кеңесі өткізілді.

Спикерлер ретінде Қ.Ж.Сүйіндіков К.Ж. әдеп жөніндегі уәкіл, подполковник М.В. Деменчук - Қостанай облысының Полиция департаменті полиция учаскелік инспекторлар жұмысын ұйымдастыру тобының бас инспекторы, Р.А. Байсарина -Қостанай қаласы Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, А.М. Әлжанова - «Қостанай – адалдық аланы» жобалық офисінің басшысы қатысты.

Семинар мақсаты: қоғамдық жерлердегі мініз-құлықтың негізгі ережелері туралы білімді кенейту. Мемлекеттік қызметшілер арасында қоғамдық жерлерде әдеп сақтау мәдениеті туралы өз білімін тарата білуді дамыту.

Семинар барысында қоғамдық көліктегі әдеп туралы кең тараған бейнеролик (YouTube) көрсетілді.

Подполковник М. Деменчук азаматтардың қоғамдық жерлердегі мінез-құлық әдебін түсіндірді (оның ішінде демалу, темекі шегу, ішімдіктерді ішу).

Сонымен қатар, ауылдық округ әкіміне қатысты тәртіптік іс, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Заңының және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын бұзу жөнінде материал қаралды.

Дискуссия барысында спикерлер, семинар қатысушылары әдепсіз қылыққа баға берді. Әкімнің іс-әрекетінде «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Заңының және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақталмау белгілерін атап көрсетті.

 

Әдеп жөніндегі уәкіл,

Персоналды басқарудығ бірыңғай қызметі

хат жіберу