Блог статистикасы
195
Жазбалар
5241
Өтініштер
212610
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Қымбатты әйелдер!

Қостанай облысының әкімі

А.Б. Мұхамбетовтің 8 наурыз

Халықаралық әйелдер күнімен

құттықтауы


Қымбатты әйелдер!


Сіздерді көктемнің шұғылалы мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мерекені көктемде атап өтуіміздің ерекше мәні бар. Ол өмірдің сұлулығын, үйлесімділігін және қуанышын бейнелейді.

Халықаралық әйелдер күні – бізге өмір сыйлап, жылулық пен қамқорлыққа бөлегендеріңіз үшін алғыс айтудың бір себебі болып табылады.

Біздің бойымыздағы мейірімділік, нәзіктік пен сүйіспеншілік сияқты бар жақсылық әйелмен байланысты.

Қазіргі заманғы әйелдер елдің саяси, әлеуметтік өмірінде үлкен рөл атқарады, түрлі қызмет салаларында аянбай еңбек етеді.

Сіздер қандай да бір іспен айналыссаңыздар да, әрдайым мейірімді, сезімтал және ақкөңіл болып қала аласыздар.

Аяулы арулар!

Сіздердің барлық үміттеріңіз бен армандарыңыз орындалып, күн сайын жайдары жүздеріңізден күлкі кетпесін, көктемгі гүлдей құлпырып жүре беріңіздер.

Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын және зор денсаулық, молшылық пен табыс, гүлдену мен бақ-береке тілеймін.


Қостанай облысының әкімі                                                                                                                                  А. Мұхамбетов

хат жіберу