Блог статистикасы
196
Жазбалар
2679
Өтініштер
128861
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Құрметті соғыс және еңбек ардагерлері! Қадірлі қостанайлықтар!

Сіздерді алдағы Отан қорғаушылар күні және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Ерлік пен даңқтың нышанына айналған бұл қос мерекенің қатар атап өтілуі кездейсоқ емес.

Біздің бүгінгі күні баянды өмір сүріп, саналы ұрпақ тәрбиелеп, болашаққа жарқын жоспар түзуіміз аяулы ардагерлеріміздің жанқиярлық ерлігінің арқасында. Сіздер өскелең ұрпақтың жадында жасымас жігер, мұқалмас ержүрек қайраттың мәңгілік жарқын үлгісі болып қала бересіздер.

1992 жылы 7 мамырда біз азат еліміздің айбынды Армиясын жасақтадық. Сондықтан бұл барша отандастарымыздың жауынгерлік рухы мен атадан балаға жалғасқан Отанға адал қызмет етудің ерекше үлгісін айғақтайтын айтулы күн.

Ендеше бейбіт күннің астында ел қорғаны болуға әркез дайын, әрі қамалы берік, мәртебелі мемлекеттің болуын қалаған бабалар арманы мен аманатын бұлжытпай орындап келе жатқан барша жерлестерімізді мерекесімен құттықтаймын!

   Елбасымыз, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жасампаз Қазақстанды қалыптастыру жолында ұрпақтар сабақтастығының сақталуына ерекше көңіл бөліп келеді.

Сондықтан мен бүгінгі жас ұрпақ аталарымыз қалап кеткен ерлік жолынан жаңылмай, қуатты, тұрақты және өркенді мемлекет қалыптастыруға аянбай атсалысады деп сенемін.

Ардақты ардагерлер!

Біз әрқашан сіздердің қайсар ерліктеріңізді мақтан тұтамыз. Дендеріңіз сау, өмірлеріңіз шуақты болып, ортамызда аман-есен жүре берулеріңізге тілектеспін! 

Қадірлі жерлестер!

Отан қорғаушылар күні және Жеңіс мерекесі құтты болсын! Бейбіт еліміздің аспаны ашық, болашағы жарқын болғай! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

 

Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов

хат жіберу