Блог статистикасы
196
Жазбалар
2824
Өтініштер
135086
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 4 Июля 2018

Қостанай ауруханасына заманауи медициналық құрылғылар сыйға тартылды

Қостанай ауруханасына заманауи медициналық құрылғылар сыйға тартылды

Астана күні қарсаңында республикалық «Аяла» қоғамдық қоры облыстық балалар ауруханасына демеушілік жасады.
Облыстық балалар ауруханасының дәрігерлеріне енді жаңа туған нәрестелерді күтіп-бағу жеңілдейді. Себебі, «Аяла» қайырымдылық қоры Астана күні қарсаңында «Өмір сыйлайық» атты жобаның аясында жаңа медициналық жабдықтар сатып алды. Заманауи құрылғыларды тапсыру рәсіміне облыс әкімі Архимед Мұхамбетов пен «Аяла» қайырымдылық қорының медициналық жобалар жетекшісі Берік Дәржанов қатысты. «Жыл санап облыстағы денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нығайтылуда. Елбасымыз денсаулық сақтау саласындағы қызметтердің сапасын жақсарту бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Сол тапсырмалар біздің облыста да қарқынды орындалып жатыр. Өңірде көптеген медицина нысаны күрделі жөндеуден өтті. Бұл жұмыстар әлі де жалғасады. Биыл тек осы мақсаттарға 2,7 млрд теңге қаржы бөлінді. Жаңадан медициналық құрылғылар сатып алынып жатыр. Солардың бірі - Елорданың 20 жылдық мерекесі қарсаңында елімізге танымал «Аяла» қайырымдылық қоры қостанайлықтарға ерекше сый жасады. Қор ұжымына айтар алғысымыз шексіз», - деді облыс әкімі. Сонымен, облыстық балалар ауруханасына ауыр жағдайда өмірге келген нәрестелерді емдеу және күтіп-бағу үшін Amelie деп аталатын қарқынды терапия инкубаторы орнатылды. Құны 6 млн 700 мың теңге тұратын құрылғы ауа температурасын және ылғалдылығын бақылаудың озық жүйесімен жабдықталған. Ал, құны 4 млн 460 мың теңге болатын Ameniс ашық жан сақтау жүйесін дәрігерлер мерзімінен бұрын дүниеге келген сәбилердің жағдайын жақсарту үшін пайдалана алады. Сондай-ақ, қор облыстық балалар ауруханасына Amelix үш фототерапия шамын сыйға тартты. Жабдықтың құны - 2 млн 940 мыңге. М20 апциенттерінің екі мониторы инкубаторға және ашық жан сақтау жүйесіне қосымша алынып отыр. Бұл мониторлар қарқынды терапиядағы науқастардың физиологиялық жағдайларын бақылауға мүмкіндік береді.




хат жіберу